08.10.2007, 12:40 2933

Қазақстан үкіметі нан бағасын 2008 жылдың 1-қаңтарына дейін тұрақтандырды

Қазақстан үкіметі нан бағасын 2008 жылдың 1-қаңтарына дейін тұрақтандырды

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі нан бағасын 2008 жылдың 1-қаңтарына дейін тұрақтандырды. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкімет сағатында ауылшаруашылық министрлігі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Астық өндіруші облыстарда астықтың тұрақтандыру қорлары құрылды, және де оны қамтамасыз етуде де, бағаны белгілеуде де айтарлықтай проблема туындаған жоқ. Ал бидай өндірмейтін аймақтарға тоқталатын болсақ, олардың әрқайсысымен жеке меморандум жасалынды",- деп хабарлады А. Есімов.

Министрдің мәліметтеріне сүйенсек, жалпы республика бойныша бөлке нанның орташа бағасы 35 - 50 теңге аралығында. Атап айтқанда, "Атырау облысына бірінші сұрыпты ұнның бір кг 56 теңгемен тасымалдау туралы меморандум жасалды, көтерме бағамен сатушыларда бөлке нанның бағасы 45 теңгені құраса, бөлшектеп сатуда - 55 теңгеден қымбат емес". Маңғыстау облысына ұн 60 теңгемен тасымалданып, бөлке нанның бағасы өндірушілерде - 50 теңге, бөлшектеп сату орындарында - 55 теңгені құрайды. Қызылорда облысына ұн 56 теңгемен тасымалданып, бөлке нанның бағасы өндірушілерде - 40 теңге, бөлшектеп сату орындарында - 45 теңгені құрайды. Ал Алматы өндірушілеріндегі нанның бағасы 55 теңгені құраса, бөлшектеп сатуда 65 теңге.

"Бұл бағалар 1-қаңтарға дейін сақталады, ал одан әрі біз жағдайға қарай көреміз",- деп мәлім етті А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны