29.12.2009, 12:32 3075

Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда шикізат саласының салығын көтермек ниетте - Кәрім Мәсімов

Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда шикізат саласының салығын көтермек ниетте - Кәрім Мәсімов

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда шикізат саласының салығын көтермек ниетте. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кәрім Мәсімов еске салып өткендей, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді, онда шикізат секторына салық салу тәртібі өзгертілген. Атап айтсақ, үкімет дағдарысқа байланысты шикізат секторының кәсіпорындары үшін бөлекше көзқарас ұстанды. "Бірақ, Салық кодексінде қарастырылғандай, біз таяу уақыттарда қолданыстағы кодекс аясында салықты лайықты көтереміз, өйткені, табиғи ресурстар халыққа тиесілі",- деді ол.

Премьер атап көрсеткендей, Қазақстан үкіметі "мұнайгаз саласында ұлттық мүддені қорғау ұстанымын" біртіндеп жүргізіп келеді.

Мемлекеттің "Қарашығанақ" жобасын игеруге атсалысу ниеті туралы сауалға жауап берген үкімет басшысы: "қазір энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" және жобаға қатысушылар арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Және әзірге мен жан-жақты ештеңе айта алмаймын",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны