23.02.2010, 13:44 3333

Қазақстан үкіметі жанар-жағармай нарығындағы баға түзуді реттейтін заң жобасын парламентке жіберді

Қазақстан үкіметі жанар-жағармай нарығындағы баға түзуді реттейтін заң жобасын парламентке жіберді

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін өткен үкіметтің отырысында министрлер кабинетінің мүшелері "Мұнай және мұнай өнімдерін мемлекеттік реттеу және оның айналымы туралы" заң жобасын мақұлдап, парламентке жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, бұл заң жобасы мемлекет басшысының Қазақстан нарығындағы жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Министрдің айтуынша, "заң жобасы базардағы нақты ахуалды, соның ішінде Ресей Федерациясындағы баға динамикасын да көрсететін болады. Өйткені, жоғары октанды жанармайдың 40%-ы (АИ 92, 93) Қазақстанға сол жақтан әкелінеді. Егер қандайбір қозғалыс болып жатса, бұл заң жобасы күрт өзгерістерге жол бермейді. Өзгерістер мардымсыз әрі жайлап енгізіледі, және олар кез-келген жағдайда жекелеген өңірлерде жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын тудырға жасалатын талпыныстарға тосқауыл қояды".

Оның айтуынша, бұл құжат "бірінші кезекте 2014 жылға дейін мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатын көздейді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны