26.11.2009, 15:24 2752

Қазақстан үкіметі желтоқсан айында "Жол картасын" орындау бойынша беті ашылған заң бұзушылықтарды қарайды

Қазақстан үкіметі желтоқсан айында "Жол картасын" орындау бойынша беті ашылған заң бұзушылықтарды қарайды

Астана. 26 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында желтоқсан айында 2009 жылғы "Жол картасын" орындау бойынша беті ашылған заң бұзушылықтардың талдауын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Желтоқсан айында 2009 жылғы "Жол картасын" орындау бойынша беті ашылған заң бұзушылықтардың талдауын қарап арнаулы мәжіліс өткіземіз. Қаржы министрлігінен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, осы тәжірибе бойынша ақпарларды және беті ашылған заң бұзушылықтарға қатысты құжаттарды жинақтауды сұраймын", - деді Кәрім Мәсімов.

"Біз әр облыс бойынша және әрбір заң бұзушылық бойынша қарап шығамыз. Бұл 2010 жылғы "Жол картасын" жасауға дайындық кезінде ескерілетін болады", - деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны