22.09.2016, 12:16 3710

Қазақстан Украина АЭС-іне уран өнімдерін жеткізіп беру бойынша сенімді серіктес болуы мүмкін

Украинаныӊ энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі мен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басшыларыныӊ кездесуі Киевте өтті, деп хабарлады Ұлттық компанияныӊ баспасөз қызметі.

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Украинаныӊ энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі мен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басшыларыныӊ кездесуі Киевте өтті, деп хабарлады Ұлттық компанияныӊ баспасөз қызметі.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаныӊ энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен кездесті. Бұл министрлік делегациясыныӊ Қазақстанға жасаған сапарынан кейінгі екінші кездесу болды.

"Қазақстанныӊ атом компаниясы мен Украинаныӊ энергетикалық мекемесініӊ басшылары ынтымақтастық векторларын анықтап берген бұрынғы кездесудіӊ тиімділігін атай отырып, атом энергетикасы саласындағы бұдан былайғы ынтымақтастық мәселелерін талқылады", - делінген хабарламада.

Кездесуде негізінен украиналық реакторларға арнап ядролық отын өндіру мәселелеріне назар аударылды. Игорь Насалик украиналық АЭС-тер қажетін қанағаттандыру үшін Қазақстан аумағында жылу бөлгіш құрамалар (ЖБҚ) шығаруды өзара тиімді ұйымдастыруға мүдделі және оған дайын екендігін айтты. Өз кезегінде Асқар Жұмағалиев бұл саладағы ынтымақтастықтыӊ өндірісті әртараптандыру бойынша компанияныӊ стратегиялық міндеттеріне сәйкес Қазатомөнеркәсіп үшін үмітті қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар осы мәселені қос тарап үшін де аталмыш жобаныӊ экономикалық тиімділігі тұрғысынан бірлескен жұмыс тобы аясында егжей-тегжейлі үйреніп шығуға уағдаласты.

Министр И. Насалик Украина алдында ядролық отын және оныӊ құрамдас бөліктерін жеткізуді әртараптандыру міндеті тұрғанын, сол себепті Қазақстан байытылған уран түріндегі уран өнімдерін жеткізіп беру бойынша сенімді серіктес болуы мүмкіндігін атап көрсетті.Сонымен қатар, кездесуде өнім өндіру және ион алмастырушы шайыр жеткізіп беру саласындағы ынтымақтастықтыӊ мүмкіндіктері сөз болды.

Еске сала кетсек, тамыз айында Украинаныӊ энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насалик басшылығындағы делегация Қазатомөнеркәсіп кеӊсесіне келген болатын. Ұлттық атом компаниясыныӊ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев қатысқан кездесу аясында тараптар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін кеӊінен талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды тереӊ талдаумен шұғылданатын жұмыс тобы құрылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны