27.06.2008, 19:18 3143

Қазақстан журналистеріне президент жүлделері мен гранттары табыс етілді

Қазақстан журналистеріне президент жүлделері мен гранттары табыс етілді

Астана. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Баспа, радио және телеарна күнінің қарсаңында ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев бір топ журналиске Қазақстан президентінің жүлделері мен гранттарын табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен біздің еліміздің журналистерінің Қазақстанда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерді кең көлемде айшықтаудағы айрықша рөлін атап өткім келеді. Құрметті масс-медиа өкілдері, сіздердің еңбектеріңіздің арқасында теледидар экрандарынан, газет беттерінен, веб-порталдардан қазақстандықтар елдегі болып жатқан барлық жаңалықтар жайында, мемлекеттің табыстары мен проблемалары туралы құлағдар болуда", - деді мемлекеттік хатшы журналистерге арнаған сөзінде.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл ҚР президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жүлделерін тағайындау және гранттарын табыс ету жөніндегі қоғамдық комиссия мүшелері республиканың қоғамдық бірлестіктерінен, редакциялардан, шығармашылық одақтардан және мемлекеттік орыгандардан келіп түскен 21 ұсынысты қарастырған.

Өзекті халықаралық тақырыптардың топтамасын жариялағаны үшін "Литер Медиа" компаниясының бас директоры Ерлан Бекхожинге, "Астана" телеарнасында "Серьезный разговор" телевизиялық бағдарламасын жасағаны үшін Бигелді Ғабдуллинге, отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Бибігүл Жексенбайға, Қазақстанның бас қаласы - Астанаға арналған "Армандар" деректі фильмі үшін ВВС телеарнасының жүргізушісі Дэн Круикшанк пен ВВС телеарнасының Қазақстандағы ресми өкілі Айдос Қыдырмаға, Қазақстан қоғамының саяси және экономикалық жаңару процестерін терең айшықтай білгені үшін "Панорама" газетінің шолушысы Ярослав Разумовқа президент жүлделері тағайындалды.

Өңірлік дамудың, тілдік және мәдени саясаттың өзекті проблемаларына арналған публицистикалық материалдары үшін Талдықорған қаласының "Жетісу" газетінің журналисі Нүсіпбай Ибдірахымовқа, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы телевизиялық репортаждар ұйымдастырғаны үшін Қостанай қаласының "Алау-ТВ" телеарнасының "Жаңалықтар" бағдарламасының жетекшілері Илия Ермекова мен Екатерина Назароваға, Қазақстан патриотизмін қалыптастыруға және қоғамның ел тарихы жөніндегі танымдық деңгейін арттыруға бағытталған деректі фильмдердің топтамасы үшін "МАКНАТ STUDIO" шығармашылық бірлестігінің авторлар ұжымы Динара Қамзанова, Нұрбол Қабдолданов пен Исел Қадыроваларға, Қазақстандағы құқықтық реформа процесін белсенді таныстырғаны үшін "Егемен Қазақстан" газетінің құқықтық бөлімінің меңгерушісі Александр Тасболатовқа, Қазақстанның жаңа астанасының қалыптасуына арналған публицистикалық материалдары үшін "Қазанат" журналының шеф-редакторы Сәдібек Түгелге ҚР президентінің гранттары табыс етілді.

Сонымен қатар, қазақ тілі мен ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін терең айшықтағаны үшін журналист, публицист Болат Жамкеновке, "Замандастар" және "Абайтану" телевизиялық бағдарламаларын жасағаны үшін "Начнем с понедельника" газетінің бас редакторы Дидар Қосылбековке, Қазақстан патриотизмі мен қоғамдағы ұлтаралық келісімді қалыптастыру мәселелеріне арналған мақалалар топтамасы үшін "Қазақстан" Мемлекеттік телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайнар Олжайға, сондай-ақ, ұлттық мәдениетті дамыту және Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасы жөніндегі басылым топтамасы үшін "Мұқағали" журналының, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық реформаларды жүзеге асыру барысын кең айшықтағаны үшін "Алтын Орда" газетінің және өңірлік теледидарды дамытуға қосқан үлестері үшін "Қазақстан-Ақтау" телеарнасының шығармашылық ұжымдарына президент алғыс жариялады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны