11.12.2012, 09:51 3123

Қазақстанда 156 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

"Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде 156,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл уәкілетті органдарға өтініш бергендердің жалпы санының 54,9% құрайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 156 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде 156,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл уәкілетті органдарға өтініш бергендердің жалпы санының 54,9% құрайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 10,5 мың азамат жіберілсе, жастар практикасынан өтуге 6,2 мың түлекке жолдама берілген.

Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылдың 9 айы ішінде 284 мың азамат жұмыс сұрап, өтініш білдірген, оның 134,9 мыңдайы ауыл жұрты.

"Үстіміздегі жылғы III тоқсандағы мәліметтер бойынша жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші 0,1% төмендеп, 5,2% құраған. Сондай-ақ экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылған халық саны арта түскен",- делінген Еңбек министрлігінің хабарламасында.

2011 жылдың осы уақытымен салыстырғанда, 2012 жылдың ІІІ тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 97,5 мың адамға артып, 9,013 млн адамды құрады, жұмыспен қамтылғандар саны 8,54 млн адамды құрап, 1,1% артты.

Халықты жұмыспен қамту ҚР Үкіметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта 2011 жылы Елбасының тапсырмасымен тұрақты әрі өнімді жұмыспен айналысуға көмектесу арқылы халықтың табысын арттыру мақсатын көздеген "Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" қабылданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны