30.05.2008, 14:35 3344

Қазақстанда 1 маусымнан бастап "Қауіпсіздік белбеуі!" акциясы басталады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап "Қауіпсіздік белбеуі!" акциясы басталады

Астана. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -"БҰҰ ұсынысымен ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстанда 1 маусымнан бастап "Қауіпсіздік белбеуі!" акциясын жүргізеді, деп хабарлайды агенттік ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша "бірінші кезеңде жүргізушілерге қауіпсіздік белбеуін пайдалану қажеттігі, оның жол көлік апаты салдарына қалай әсер ететіндігі түсіндіріледі".

"Кейін қауіпсіздік белбеуін қолданбаған жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылатын болады ", - делінген баспасөз баянында.

Илемдегі барлық елдерде болған жол көлік апаттарына жасалған зерттеулер көрсеткеніндей, қауіпсіздік белбеуін қолданған жүргізушілердің басым бөлігі апатты оқиғаларда аман қалып, өлім -жітім көрсеткіштері 2,11 есе аз болған.

ІІД хабарлағанындай, жүргізілген зерттеулер арқылы қақтығыстар кезінде қауіпсіздік белбеуінің тиімділігі анықталды. Көліктер бір-бірімен соқтығысқанда қауіпсіздік белбеуі жүргізушінің өліп қалу қаупін 2,3 есеге азайтса, көліктер бүйірінен соқтығысқан кезде 1,8 есеге және көлік аударылғанда 5 есеге азайтады.

Қауіпсіздік белбеуі тағылмаған кезде көлік сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып қақтығысқан жағдайда да адам шығыны болуы мүмкін.

Қауіпсіздік белбеуін пайдалану жөніндегі ресми нұсқамалар Швецияды 1957 жылы және АҚШ -та 1961 жылы шығарылды. Ал 1973 жылдан бастап қауіпсіздік белбеуін тағу ережесін әлемдегі көптеген елдерде қолдану міндеті жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны