15.09.2006, 18:22 2841

Қазақстанда 2006-жылы лаңкестік іс-әрекеттері үшін 4 адам сотталды

АСТАНА. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006-жылы лаңкестік іс-әрекеттері үшін 4 адам сотталды. Бұл туралы бүгін "Қазақстанда лаңкестік пен экстремизмге жол жоқ!" атты "дөңгелек үстел" барысында ҚР ҰҚК антитеррорлық орталығының штаб бастығының орынбасары Асқар Имірханов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Соның ішінде Ақтөбенің екі тұрғыны Шешенстандағы ұрыс қимылдары кезінде заңсыз қарулы құрылымдардың құрамында соғысқа қатысқандықтан, жалдамалы содыр болғандығы үшін, ал Тараздың екі тұрғыны Қазақстанда содырлар лагерін орналастыру үшін орын-жай іздестіргені үшін сотталды",- деді А.Имірханов. Соңғы екеуіне отанын сатқан деген айып қосымша тағылған. "Олар өз облысының бір ауданынан жалдамалы жауынгерлерді дайындауға қолайлы жерлерді іздеп, оларды бейнекамераға түсіріп, Біріккен Араб Имірліктеріне жіберіп отырған",- деді ҚР ҰҚК антитеррорлық орталығының штаб бастығының орынбасары.

ҰҚК өкілінің мәліметіне сәйкес, бұл екеуі "Орталық Азия моджехедтерінің жамааты" ұйымының филиалы ретінде құрылған "Тараз жамааты" атты ұйымның мүшесі болған. Оның іс-қызметіне ҚР ҰҚК мен бірқатар елдердің арнаулы қызметтері 2004-жылы тосқауыл қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны