14.10.2009, 14:00 3099

Қазақстанда 2009 жылы үш лаңкестік әрекеттің алды алынды - ҰҚК (толықтырылған)

Қазақстанда 2009 жылы үш лаңкестік әрекеттің алды алынды - ҰҚК (толықтырылған)

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2009 жылы үш лаңкестік әрекеттің алды алынды. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Иділ Шаяхметов бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2008 - 2009 жылдары 7 лаңкестік әрекеттің жолы кесілді. Былтыр 4, биыл 3 лаңкестік әрекеттің алды алынды", - деді И. Шаяхметов.

ҰҚК-нің антитеррорлық орталығы төрағасының орынбасары Асқар Имірхановтың айтуынша, "бұл деректердің бәрі де Қазақстанға еліміздің азаматтарын тарту үшін келген шетелдік эмиссарларға байланысты".

"Олар ауған-пәкістан өңірінен келгендер, бірақ олар Қазақстанның бір азаматын да өз қатарларына тарта алған жоқ",- деді А.Имірханов журналист сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "2009 жылы жалпы алғанда лаңкестік әрекеттері үшін 22 адам сотталды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны