22.12.2015, 17:43 5511

Қазақстанда 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап азаматтық қызметшілердіӊ еӊбекақысы ұлғаяды - ҚР ДСИДМ

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерініӊ жалақысы 28%-ға дейін, білім саласы - 29%-ға дейін және өзге сала қызметкерлерініӊ еӊбекақысы 40%-ға дейін артады, деп хабарлады ҚР ДСИДМ

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерініӊ жалақысы 28%-ға дейін, білім саласы - 29%-ға дейін және өзге сала қызметкерлерініӊ еӊбекақысы 40%-ға дейін артады, деп хабарлады ҚР ДСИДМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап енгізілетін азаматтық қызметшілер еӊбекақысын төлеу жүйесініӊ жаӊа үлгісіне сәйкес, олардыӊ лауазымын біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметініӊ күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ұйымныӊ даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы персонал блогы (A блогы). Аталған блогқа ұйым басшылары мен басшылардыӊ орынбасарлары, ұйымдардыӊ бағыну деӊгейіне тәуелді (немесе басқару жауапкершілігініӊ деӊгейіне байланысты: республикалық, облыстық, аудандық) құрылымдық бөлімшелердіӊ басшылары мен басшылардыӊ орынбасарлары кіреді.

Ұйымныӊ негізгі функцияларыныӊ іске асырылуын қамтамасыз ететін, негізгі персонал блогы (B блогы). Бұл блогқа дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік жұмысшылар, ЖОО оқытушылары және ұйымныӊ негізгі функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлер кіреді. Аталған қызметкерлер үшін үш қызмет саласы: "Денсаулық сақтау" "Білім беру" және "Өзге де салалар" бойынша лауазымдық жалақыларды саралап есептеуді енгізу ұсынылады.

Икімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайтын әкімшілік персонал блогы (C блогы). Лауазымдардыӊ аталмыш блогы заӊгерлерді, есепшілерді, экономистерді, аудармашыларды, шаруашылық қызметініӊ меӊгерушілерін және т.б. қамтиды.

Қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы персонал блогы (D блогы). Бұл блогқа іс-қағаздарын жүргізушілер, архивариустер, кассирлер, коменданттар мен хатшылар кіреді.

Жаӊа үлгі лауазымдық жалақыны есептеу, қосымша ақы мен еӊбек шарттары үшін төленетін үстемақыны оӊтайландыру үшін коэффиценттердіӊ арнайы кестесін енгізуді қарастырады.

Азаматтық қызметшілердіӊ еӊбекақысын төлеудегі жоғарыда көрсетілген тәсілдер мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қамсыздандыру саласыныӊ қызметкерлері еӊбегініӊ мәртебесін арттырып, халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердіӊ сапасын жақсартады, қызметкерлердіӊ кәсіби біліктілігін жоғарылатып, лауазымыныӊ өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысыныӊ қызметкерлердіӊ кәсіби біліктілігіне байланысты негізгі персоналдыӊ еӊбекақысын арттыру тапсырмасын іске асыруды қамтамасыз етеді: денсаулық сақтау саласында - 7%-дан 28%-ға дейін, білім беру саласында - 15%-дан 29%-ға дейін, өзге салаларда - 28%-дан 40%-ға дейін.

Аталған үлгіні 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап енгізу үшін республикалық бюджеттен қосымша 272,6 млрд. теӊге, оныӊ ішінде жергілікті бюджетке мақсатты трансферттер ретінде 228,8 млрд, теӊге бөлінді.

Жаӊа ереже мемлекеттік қызметкерлер болып есептелмейтін мемлекеттік және қазыналық ұйым қызметкерлеріне қатысты болмақ.

Қазақстанда барлығы 1 млн.-нан астам азаматтық қызметкерлер бар: мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлері, т.б.

Естеріӊізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ мамандары қазан мен желтоқсан айларыныӊ аралығында азаматтық қызметшілер еӊбекақысын төлеу жүйесініӊ жаӊа үлгісі бойынша республиканыӊ барлық аймақтарында мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардыӊ есепшілері мен кадр қызметі жұмыскерлерін оқыту шараларын жүргізді. Оқуға барлығы 9 мыӊнан астам адам қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны