16.02.2018, 17:16 6547

Қазақстанда 2017 жылы 22720,1 млн. жолаушы тасымалданды

Бүгінде республиканыӊ әр аймағында қалалық қоғамдық көліктердіӊ сапасын жақсарту, жолаушы тасымалдаумен айналысатын мекемелердіӊ әл-ауқатына мән беру, табысы мен шығынын салыстырып, мемлекет тарапынан қолдау шараларыныӊ қажет екенін салалық қауымдастықтар жарыса айтып жатыр

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 2017 жылы 22720,1 млн. жолаушы тасымалданды, яғни 2016 жылғы қаӊтар-желтоқсанға қарағанда 1,7%-ға көп.

Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оныӊ еӊ қымбат қазынасы - адам және адамныӊ өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп көрсетілген. Қазіргі таӊда еӊ қымбат байлық - адам өміріне қауіп қоғамдық көліктерден келіп отырғаны туралы дабыл қағылып, жолаушы тасымалдау саласына жіті көӊіл бөлу керектігі айтылып келеді.

Бүгінде республиканыӊ әр аймағында қалалық қоғамдық көліктердіӊ сапасын жақсарту, жолаушы тасымалдаумен айналысатын мекемелердіӊ әл-ауқатына мән беру, табысы мен шығынын салыстырып, мемлекет тарапынан қолдау шараларыныӊ қажет екенін салалық қауымдастықтар жарыса айтып жатыр.

Ақтөбедегі ауыр жағдайдан кейін жолаушы тасымалдау саласыныӊ мәселесі ашық айтылып, түйткілдер түйіні тарқатылып жатыр. Қаӊтар айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тасымалдаудыӊ негізгі мәселелері талқыланды. Жиында "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Елдос Рамазанов "Жуырда ғана Ақтөбе облысында автобуста 52 шетел азаматы өртеніп, ажал құшқаны тасымалдауда жүйелі мәселелер барын, оларды тез арада шешу керек екенін аӊғартты. Бұл дабылдыӊ басы. Мемлекеттік органдармен жедел жүргізілген сараптама нәтижесі көлікпен тасымалдау саласында көптеген олқылықтар бары анықталды. Бүгінде тасымалдаушылардыӊ шығынын субсидиялау, салықтан босату, автопарктерді жаӊарту қажет екені ҚР Инвестициялар және даму бойынша министрі қатысуымен қаралды. Саланы қауіпсіз әрі табысты қылу үшін Кешенді бағдарламаларды бекіту қажет", - деп ұсыныс берді.

Жиында Қазақстан автокөлікшілер одағыныӊ Басқарма Төрағасы Серік Илиғұжинов көлік саласын бақылаудан басқа, саланы дамыту бойынша түбегейлі шаралар қажет екенін ерекше атады. Оныӊ айтуынша автокөлік дамытудыӊ кешенді бағдарламасын бекітуді тездетіп, жүзеге асыру керек, сонымен қатар оныӊ орындалуын қатаӊ бақылауға алған жөн.

Сонымен қатар тасымалдаушылардыӊ мәселесі Тараз қаласында да көтерілді. Қаладағы еӊ ірі автопарктердіӊ бірі "ИулиеАтаТрансПасс" компаниясыныӊ басшысы (190 автобус), өӊірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген "Жүк және жолаушыларды тасымалдау" қауымдастығыныӊ мүшесі Рашид Пірмановтыӊ айтуынша, бұл салаға түбегейлі өзгеріс қажет. Егер де парктер мемлекеттіӊ қолдауынсыз жұмысын жалғастырса, бірнеше жылдан кейін қолданыстағы көліктерді қамтуға қауқарсыз болып қалады, бұл есесіне қызмет сапасын төмендетеді.

Қарағанды қаласында да қызмет көсрететін 9 автобус паркінде қоғамдық көліктердіӊ сапасы айтарлықтай керемет емес. Жолаушы тасымалдаумен айналысатын компаниялар автобусты үшінші тұлғалардан алып отыр. Сонымен қатар жүргізушілер де аз.

"Бүгінде қалалық маршруттарға субсидия бөліндейді. Осыдан келіп мәселе туындайды. Техниканыӊ ескіруі, тасымалдаушылар арасындағы бәсекелестіктіӊ жоқтығын атауға болады. Қаладағы автобустардыӊ 20-25% жүргізушілердіӊ аздығынан пайдаланылмайды. Егер субсидиялау мәселесі шешілсе, жүргізушілер қатарыныӊ аздығын да шешуге болады", - деп атап өтті "Қарағанды облысы автокөлік кәсіпорындарыныӊ қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Айнитдин Буралкин.

Мұнымен қоса, мемлекет автокөлікпен тасымалдау саласына инвестиция тартуға мүдделі болу керектігін айтты. Ийтпесе, осы саланы дамытуға бизнесті қатыстыру керек.

Жолаушы және жүк тасымалы саласындағы түйткілді мәселелер көтеріліп отырғанда республикадағы есептік көрсеткіш қандай?

Мемлекет басшысыныӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Жолдауында жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтағаны айтылған. Сонымен қатар "Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді. Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардыӊ кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеӊілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардыӊ ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет" деген тапсырма берілді. Трансшекаралық жүк тасымалы артып отыр. Ал республика көлеміндегі жүк қозғалысы мен жолаушылар тасымалыныӊ көрсеткіші қандай?

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ ресми мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы қаӊтар-желтоқсанда республикада көлікпен 3916,2 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2016 жылғы қаӊтар-қарашадағы деӊгейден 5,2% жоғары, осы кезеӊдегі жүк айналымы 555,4 млрд. ткм құрады. 2016 жылғы қаӊтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,9%-ға артты. Сонымен қатар 2017 жылы 22720,1 млн. жолаушы тасымалданды, яғни 2016 жылғы қаӊтар-желтоқсанға қарағанда 1,7%-ға көп. Тиісінше жолаушылар айналымы 272,8 млрд. жкм құрады, 2016 жылғы қаӊтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,3%-ға өсті.

Тасымалданған жүктердіӊ жалпы көлемінде автомобиль көлігініӊ үлесі 84,29%, теміржол көлігі - 9,67%, құбыр көлігі - 5,94%, көліктіӊ басқа түрлері (әуе, ішкі су, теӊіз) - 0,10% құрады. Жүк айналымында теміржол көлігініӊ үлесі 47,19%, автомобиль көлігі - 29,14%, құбыр көлігі - 23,37%, көліктіӊ басқа түрлері (әуе, ішкі су, теӊіз) - 0,30% құрады.

Жолаушы айналымында, тасымалдаудыӊ ұзақтығына байланысты теміржол көлігініӊ үлесі 6,58%, әуе көлігі - 5,27% құрады.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша көлік жұмысыныӊ негізгі көрсеткіштеріне назар аударсақ, 2017 жылы темір жол арқылы 22441,56 жолаушы тасымалданған. Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердіӊ орындаған жұмыс көлемін бағалау есебіне қарай, 2017 жылы автобуспен 18212928,21 жолаушы, ал троллейбуспен - 25565,87 адам, трамваймен 30834 мыӊ адам тасымалданған.

Ал облыстарға бөлгенде, меншік нысандары бойынша көлік жұмысыныӊ негізгі көрсеткіштеріне сүйенсек, жеке меншік кәсіпорындар жалпы республикада 22702894,37 жолаушы тасымалдаған (мыӊ адам). Оныӊ ішінде Алматы қаласында - 5089257,98, Оӊтүстік Қазақстан облысында - 2607509,34, Астана қаласы - 2528439,11, Қарағанды облысында - 2397675,9. Аз көрсеткіш Маӊғыстау облысында - 88774,78, одан кейін Қызылорда облысы - 367479,2, Батыс Қазақстан облысы тұр - 422581,88.

Ал мемлекеттік меншікте республика бойынша 13888,88 жолаушы тасымалданған, оныӊ ішінде Астана қаласында 31,7 мыӊ адам, Алматы қаласында 13857,2 адам тасымалданған.

Автомобиль және қалалық электр көлігі жұмысыныӊ негізгі көрсеткіштерге сүйенсек, жалпы 2017 жылы тасымалданған жолаушылар саны (мыӊ адам) - 22673106,49; оныӊ ішінде: автобуспен - 18209624,64, трамваймен - 30834, троллейбуспен - 25565,87, такси - 4406422,51. Бұл жеке меншік ұйымдар қызметініӊ көсреткіші ал мемлекеттік меншікте автомобиль және қалалық электр көлігі жұмысыныӊ негізгі көрсеткіштері бойынша 2017 жылы 13857,18 мыӊ адам тасымалданған.

Ресми статистикаға сүйенсек, жолаушылар автобус арқылы еӊ көп тасымалданады және бұл қызметті жеке меншік компаниялардыӊ атқаруы басым. Осы ретте өӊір-өӊірде аталған саладағы түйткілді мәселелердіӊ көтерілуі, кәсіпкерлердіӊ ескертпелері мен ұсыныстары назарға алынып, мемлекеттік деӊгейде шешілсе, еӊ басты байлық - халықтыӊ саулығы мен амандығы сақталары анық. Сонымен қатар кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестік орнап, қызмет көрсету сапасы жақсарып, тасымалдау саласындағы мамандардыӊ әлеуметтік мәселелері оӊ шешілері де сөзсіз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны