11.04.2014, 19:47 3212

Қазақстанда 3 айдың ішінде 9,3 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды - ЕХИҚМ

2014 жылдың бірінші қатарындағы жағдай бойынша ҚР-да нәпақасын тауып жүрген кембағал жандар саны 81 мың болды. Ал, сәуірдің 1-не сәйкес жағдай бойынша олардың саны 9,3 мың адамға артып, 90,3 мың жарымжанды құрады.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың бірінші қатарындағы жағдай бойынша ҚР-да нәпақасын тауып жүрген кембағал жандар саны 81 мың болды. Ал, сәуірдің 1-не сәйкес жағдай бойынша олардың саны 9,3 мың адамға артып, 90,3 мың жарымжанды құрады.

Облыс әкімдіктері сәуірдің 1-нен бастап екі қолға бір күрек іздеген кемтар жандарды аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастыра бастады. Бағдарлама арнайы әр өңір үшін жасақталған болатын, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлады.

Аймақтық жұмыспен қамту картасында ҚР ЕХИҚМ орталықтандырылған базасындағы ақпараттар көрініс тапқан. Онда қай өңірде қанша мүгедек өмір сүретіні, олардың дерті, білімі мен біліктілігі, жұмысқа орналасқаны мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандары және жұмыссыздары туралы толыққанды ақпарат жинақталған.

Мүгедектердің жұмыспен қамту барысына тоқсан сайын мониторинг ҚР ЕХИҚМ бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Сонымен, бүгінде Қазақстанда 90,3 мың мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды.

Айта кетерлік жайт, ведомство әкімдіктермен бірлесіп ауыр дертке шалдыққан және үнемі күтімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандардың құрамын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Себебі, олар жарымжан жардардың күтімімен айналысатындарға әлеуметтік қызметкер статусын бермекші.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны