02.09.2011, 13:52 3860

Қазақстанда 50 астам шетелдік экстремистік сайт жабылды

Cот шешіміне сәйкес экстремизм мен терроризмді насихаттаушы 50-ден аса шетелдік сайт жабылған. Бұл туралы республикамыздың Бас прокуратурасынан хабарлаған

Астана. 2-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда 50 астам шетелдік экстремистік сайт жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сот шешіміне сәйкес экстремизм мен терроризмді насихаттаушы 50-ден аса шетелдік сайт жабылған. Бұл туралы республикамыздың Бас прокуратурасынан хабарлаған.

"Бүгінгі күнге дейін 10 мың сайтқа қатысты мониторинг жүргізілді, соның нәтижелері бойынша Астана қаласының соты Қазақстан аумағында заңсыз деп танып, діни экстремизм мен терроризмді насихаттаушы шетелдік 51 сайттың таралуына жол бермеу туралы шешім шығарды", делінген ведомстводан жұмада таралған хабарламада.

Онда атап өтілгендей, сот шешімдері заңды күшіне енген.

Сондай-ақ тамыз айының ортасында қазақстандық ғаламтор-пайдаланушылар әйгілі LiveJournal (Живой журнал) блог сервисін де пайдалану мүмкіндігінен айырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны