08.09.2016, 23:16 3496

Қазақстанда адам басына 4 бірлік қана аӊшылық қару иемденуге рұқсат беріледі

Қазақстанда адам басына 4 бірлік қана аӊшылық қару иемденуге рұқсат беріледі. Бұрын 10 бірлік болатын. Қару санын 4 бірлікке дейін шектеу қару иелерініӊ қылмыстық әрекеттерді жасауын азайтады, деп ҚР ІІМ вице-министрі Рашид Жақыпов ҚР Мәжіліс Парламентінде экстремизм және терроризммен күрес мәселелері бойынша заӊ жобасын таныстыру барысында мәлім етті.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда адам басына 4 бірлік қана аӊшылық қару иемденуге рұқсат беріледі. Бұрын 10 бірлік болатын. Қару санын 4 бірлікке дейін шектеу қару иелерініӊ қылмыстық әрекеттерді жасауын азайтады, деп ҚР ІІМ вице-министрі Рашид Жақыпов ҚР Мәжіліс Парламентінде экстремизм және терроризммен күрес мәселелері бойынша заӊ жобасын таныстыру барысында мәлім етті.

"Адам басына аӊшылық қару 4 бірлікке дейін ғана болу ұсынылады",-деді вице-министр.

Оныӊ айтуы бойынша, аталмыш шектеу қаруды ұрлауды қысқартады, сонымен қатар, қылмыстық істердіӊ жасалуын қысқартады.

Р. Жақыповтыӊ айтуы бойынша, аталмыш тыйымныӊ енгізілуі кәсіби аӊшылық, аӊшылықпен айналысатын тұлғаларға әсер етпейді.

Айта кетейік, бүгінгі күні ҚР-да қаруы бар адамдардыӊ саны 210 мыӊға жетті. Оларда аӊшылық қарудыӊ 270 мыӊнана астам бірлігі бар.

- Елiмiзде ойық ұзын оқпанды атыс қаруы мен iрi калибрлi патрондардыӊ айналымына тыйым салу ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте "Қазақстан Республикасыныӊ кейбiр заӊнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымында ҚР Iшкi iстер министрiнiӊ орынбасары Рашид Жақыпов мәлiм еттi.

"Қарудыӊ кейбiр түрлерiнiӊ айналымын мемлекетттiк бақылау" заӊына Қазақстан аумағында ойық ұзын оқпанды атыс қаруы мен iрi калибрлi патрондардыӊ айналымына тыйым салу бойынша өзгерiстер енгiзу ұсынылып отыр. Бiздiӊ ойымызша, елiмiздiӊ аумағында осындай қаруды пайдалану тек қана аӊшылардыӊ пайдалануымен түсiндiрiлмеуi тиiс. Мұндай қарудыӊ нысананы дәлдеп ату мүмкiндiгi снайперлiк атыста пайдаланылады. Сондықтан мемлекеттiк қайраткерлерге қатысты террористiк актiлерде осы қаруды пайдалану мүмкiндiгiнiӊ алдын алу үшiн республика аумағында бұл қаруға тыйым салынады", - дедi Р.Жақыпов.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, өзге адамға қаруды беруге тыйым салынбақ.

Сонымен қатар, Қазақстанда атыс тирініӊ жұмыс істеу тәртібініӊ бұзылғаны үшін айыппұл енгізіледі.

- Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау кезiнде заӊнаманы бұзатын заӊды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту күшейтiлмек. Бұл норма Қазақстанға келетiн шетел азаматтарын бақылауды күшейту мақсатында енгiзiлiп отыр. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте "Қазақстан Республикасыныӊ кейбiр заӊнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымында ҚР Iшкi iстер министрiнiӊ орынбасары Рашид Жақыпов мәлiм еттi.

"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау кезiнде заӊнаманы бұзатын заӊды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту күшейтiлуде. Бұл норма Қазақстанға келетiн шетел азаматтарын бақылауды күшейту мақсатында енгiзiлiп отыр. Бұл мемлекеттiӊ ұлттық мүдделерiн қорғауды, сондай-ақ шетелдiктердiӊ бiздiӊ заӊнамаларды сыйлауын қамтамасыз етедi", - дедi Р.Жақыпов.

Бұдан бөлек, қылмыс жасап, жазасын өтеген шетелдiктердi ел аумағынан шығару тетiгi тәртiпке келтiрiлмек. Шетел азаматы түрмеден шыққан соӊ, бiрден елден шығарылып, оған қайта келуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, көшi-қон мәселесiн реттеу үшiн өзiмiздiӊ азаматтарға қатысты да бiрқатар өзгерiстер қарастырылған.

"Пәтерде тiркелмей және жеке куәлiксiз тұратын адамдарға салынатын айыппұлдыӊ мөлшерiн арттыру көзделiп отыр. Сондай-ақ, тiркелмей тұруға болатын мерзiмдi бiр айға дейiн қысқарту көзделген. Заӊ бойынша кез келген азамат белгiлi бiр жерде 10 күн iшiнде тiркелуi тиiс.Сондай-ақ, меншiгiндегi үйiнде немесе ғимаратында азаматтар тiркеусiз тұрып жатқан адамдардыӊ әкiмшiлiк жауапкершiлiгi енгiзiлiп отыр. Бұл "созылмалы" пәтерлер мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi. Қазiргi күнi бiр пәтерде 100-ден астам азамат тiркелген жағдайлар бар", - дедi вице-министр.

- Қазақстанда күзет құрылымдарыныӊ формасын заӊсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі, деді Парлаент Мәжілісінде экстремизм мен терроризм заӊ жобасыныӊ таныстырылымында ІІМ вице-министрі Рашид Жақыпов.

"Ирекеттегі заӊға сәйкес,күзет құрылымдары үшін арнайы киім әзірленді. Күзет құрылымдары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша бірқатар құзыреттілікке ие. Сондықтан да күзет құрылымдарыныӊ киімін заӊсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі", - деді вице-министр.

Р.Жақыпов айтып өткендей, Қазақстанда бұрын-соӊды ондай жауапкершілік болмаған.

"Бізде құқық қорғау органдарыныӊ ресми киімін қолданғаны үшін жауапкершілік бар, күзет құрылымсы бойынша мұндай тәртіп алғашқы рет енгізілмек", - деді ол.

- Соӊғы үш жылда республикада азаматтық қару-жарақты алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, тiркеу және қайта тiркеу ережелерiн бұзған 45 800 адам анықталып, жауапкершiлiкке тартылды. Осылайша, заӊды түрде қару алған азаматтардыӊ әрбiр бесiншiсi жүйелi түрде ереже бұзады. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте "Қазақстан Республикасыныӊ кейбiр заӊнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымында ҚР Iшкi iстер министрiнiӊ орынбасары Рашид Жақыпов жеткiздi.

"Заӊ жобасында тегiс ұӊғылы азаматтық қару-жарақ айналымы мен оны пайдалану ережелерiн бұзуға қатысты жауапкершiлiктi қатаӊдатуға бағытталған өзгерiстер қарастырылған. Икiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексте азаматтық қызметтiк қару мен оныӊ оқ-дәрiсiн сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерiн бұзуға қатысты қарастырылған жауапкершiлiк күшейтiледi", - дейдi вице-министр.

Оныӊ айтуынша, қолданыстағы редакцияда айыппұл санкцияларыныӊ мөлшерi бар болғаны 5 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Заӊ жобасында айыппұл мөлшерiн арттыру қарастырылып отыр.

"Айналымнан шығатын кез келген қару экстремистiк және террористiк топтар мен қылмыскерлердiӊ қолына түсуі мүмкiн. Соӊғы үш жылда республикада азаматтық қару-жарақты алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, тiркеу және қайта тiркеу ережелерiн бұзған 45 800 адам анықталып, жауапкершiлiкке тартылды. Яғни, бұл қару ұстауға ресми рұқсаты бар 210 мыӊ адамныӊ iшiндегiлер. Демек, қару берiлген заӊға бағынатын азаматтардыӊ әрбiр бесiншiсi жүйелi түрде ереже бұзады. Қаруды пайдалану арқылы жасалған 1196 қылмыс тiркелдi. Осы кезеӊде қару-жарақты дұрыс сақтамау және ережелердi бұзу салдарынан 1350 қару ұрланған. Бiздiӊ ойымызша, айыппұл мөлшерiн арттыру азаматтық және қызметтiк қару иелерiнiӊ құқықтық жауапкершiлiгiн арттырады, - дейдi Р. Жақыпов.

Айта кетейiк, комитет отырысына парламенттiк емес саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер, үкiметтiк емес ұйымдар, дiни конфессиялардыӊ өкiлдерi мен сарапшылар шақырылып отыр.

Заӊ жобасы 2016 жылы 10 маусымда өткен Қауiпсiздiк кеӊесiнiӊ отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында әзiрлендi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны