14.05.2009, 18:02 2874

Қазақстанда ағымдағы жылы еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 7 қылмыстық іс қозғалды - Бас прокуратура

Қазақстанда ағымдағы жылы еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 7 қылмыстық іс қозғалды - Бас прокуратура

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылы республиканың құқық қорғау органдары жұмыстан заңсыз шығару, жұмыс орындарын қысқарту, еңбек ақысын төлемеу және кешіктіріп беру бойынша 7 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ағымдағы жылы республиканың құқық қорғау органдары жұмыстан заңсыз шығару, жұмыс орындарын қысқарту, еңбек ақысын төлемеу және кешіктіріп беру бойынша 7 қылмыстық іс қозғады. Алдын-ала тергеу қорытындысы бойынша сотқа 1 қылмыстық іс жіберілді және де екі жақтың келісуіне байланысты 2 қылмыстық іс тоқтатылды",- деді ресми өкіл.

Статистикалық мәліметтер бойынша республика соттары 2009 жылдың 4 айы ішінде еңбекақыны өндіріп алу туралы 311 азаматтық іс қарады, 295 іс бойынша талаптар қанағаттандырылды, 16 іс бойынша бас тартылды.

"Еңбекақыны өндіріп алу туралы істер санын көбінесе Шығыс Қазақстан облысының - 144, Алматы қаласының - 61, Ақтөбе облысының - 27, Қарағанды облысының - 21, Алматы облысының - 18, Жамбыл облысының - 18 соты қарастырды",- деді С.Нұрпейісов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы айда еңбек ақы бойынша қарыздар болған кәсіпорындар саны 216-дан 198-ге дейін төмендеген, ал жалпы қарыздың көлемі 2,03 млрд теңгеден 1,9 млрд теңгеге дейін азайған.

Бас прокуратура өкілінің хабарлауынша, еңбек заңдылығының қолданылуына жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша прократура органдары заң бұзушылықты жою туралы 408 ұсыныс, 92 наразылық, 116 ұйғарым енгізді, 456 заң түсініктемесін берді, 1 қылмыстық іс қозғады, сотқа 8 талапарыз енгізді.

"Прокурорлық наразылық актісі бойынша 47 мың жұмысшының еңбекақысы бойынша 3,3 млрд астам теңге өндіріп алынды",- деді ол.

"Жұмыстан босату және жұмыс орындарының қысқартылуына, еңбекақының төленбеуі мен кешіктіріп берілуіне байланысты барлық қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер прокуратура органдарының қатаң бақылауында. Прокуратура органдары аталған бағыттағы жұмысын одан әрі жалғастыруда және ол Бас прокуратураның ерекше бақылауында",- деді С.Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны