19.04.2007, 16:03 3056

Қазақстанда аймақтағы гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған арнаулы бағдарлама жасалуда

АЛМАТЫ. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда аймақтағы гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған арнаулы бағдарлама жасалуда. Бүгін Алматыда ҮІ Еуразиялық медиа-форумда сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір Қазақстанда аймақтағы гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, Ауғанстан экономикасына инвестиция жұмсауға, мамандар дайындауға бағытталған арнаулы бағдарлама жасалуда. Атап айтсақ, біз провинцияларда ауруханалар мен мектептер салуды жоспарлап отырмыз, мемлекет қазақстандық компанияларды Ауғанстан нарығына келуге ынталандыруға дайын",- деп мәлімдеді президент.

Н.Назарбаев Қазақстан тарапынан Тәжікстан және Қырғызстан үкіметтеріне бірнеше мәрте экономикалық гуманитарлық көмек көрсетілгенін еске салды. "Ауған халқына арналған қайырымдылық көмек аясында біз 400 мың тонна азық-түлік пен бидай жөнелттік. Қазір Қырғызстанға көмек көрсетіп жатырмыз. Қырғызстан қазір ауыр жағдайды бастан кешіруде. Қиындықтардың негізі - экономикалық және әлеуметтік проблемалардың шешілмеуі, халықтың әл-ауқаты деңгейінің төмендігі",- деді президент.

"Қазақстан осынау іргеміздегі бауырлас елде бейбітшілік орнауын шынайы қалайды және біз жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Көршілес елдерде болып жатқан оқиғалардың бәрі шынайы демократияның тұрақтылық бар жерде ғана, адамдар тату-тәтті өмір сүргісі келетін жерде ғана орнығатынын тағы бір дәлелдей түседі. Бұл сондай-ақ сөз бостандығы дегеніміз жауапкершіліктен босатылуды меңземейтінін де дәлелдейді. Біз көмек көрсетуді де, ықпал жасауды да одан әрі жалғастыра түсудеміз. Ондағы мақсат - өңірдің ондағы барлық халықтар үшін гүлденген, ынтымақтастық пен достықтың аймағы болуына қол жеткізу",- деді мемлекет басшысы.

"Менің пайымдауымша, халықаралық қарым-қатынаста көпполярлылық деген ұғымды қайтадан қарап, оған жаңаша мән-маңыз беру керек. Дүниедегі күш полюстері қарсыластық полюсі қалпында қалмай, олар тұрақтылық пен өсім полюсіне айналуға тиіс",- деді Н.Назарбаев. Ол "Қазақстанның сыртқы саясаттағы көп векторлылық ұстанымы әлемдегі барлық негізгі ықпал полюстарымен - Ресеймен,Қытаймен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен, Үндістанмен, араб елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен әріптестік байланыстар орнату мақсатын көздейді", деп атап өтті.

"Қазір бізге барлық халықаралық қайраткерлердің Орталық Азияның тұрақты дамуынан мүдделі болуы қажет. Ол біздің өңірдің бақталастық өңірі емес, осы аймақты тұратын барлық халықтардың мүддесі үшін қалыпты экономикалық бәсекелестік аймағына айналуы үшін қажет. Меніңше оған мүмкіндік бар",- деді президент. "Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты көпвекторлылықты тұжырымдамалық тұрғыда жаңаша түсінуге бағытталады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны