13.03.2018, 16:25 12026

Қазақстанда алғаш рет Педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітілді

Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деӊгейлерде балаларға медициналық көмек көрсетудіӊ жалпы қағидаттарын белгілейтін стандарт бекітілді

Астана. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрініӊ бұйрығымен Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деӊгейлерде балаларға медициналық көмек көрсетудіӊ жалпы қағидаттарын белгілейтін стандарт бекітілді.

Аталған құжат еліміздегі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы "UMC", Қазақ үздіксіз білім беру медициналық университеті, "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті" ШЖҚ РМК және т.б. тәрізді жетекші медициналық мекемелердіӊ мамандарыныӊ қатысуымен әзірленді.

Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған нәрестелер мен ерте жастағы балаларды үй жағдайында патронаждық бақылаудыӊ жаӊа әмбебап-прогрессивті моделін ұйымдастыра отырып алғашқы рет медициналық қызметтер тізбесі белгіленді.Жаӊа модель баланыӊ өміріне, денсаулығына және дамуына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдерді анықтауды және төмендетуді көздейді. Еліміздегі халықтыӊ әлеуметтік жағынан осал топтарына көп көӊіл бөлінеді. Нақты бір отбасыныӊ анықталған күрделі мәселелеріне байланысты баланы патронаждық бақылау шараларыныӊ жеке жоспары әзірленіп және орындалу мерзімі көрсетілген отбасыныӊ жеке жоспары жасалынады.

Стандарт 0-ден бастап 18 жасқа дейінгі балалардыӊ аурушаӊдығы, өлім-жітімі және мүгедектігініӊ профилактикасы мен оларды төмендету бойынша аталған шараларды жүргізуді көздейді.

Сонымен қатар, нәрестелерге стационарлық көмекті ұйымдастыруды жақсарту мақсатында балаларды жаӊа туылған кезден бастап емдеу үшін қажетті медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ тізімі белгіленді. Стандартта өӊірлердегі ауыр халде жатқан және Республикалық медициналық ұйымдарға жатқызу жоспарланған нәрестелерді тасымалдаудыӊ ережесі, сондай-ақ балаларға осы емдеу деӊгейінде көрсетілетін медициналық қызметтіӊ түрі және диагноз қоюдыӊ қиын жағдайында немесе аурудыӊ үдеуі кезінде баланы емдеудіӊ тәсілдері белгіленді. Анықтамалық: Стандартқа ақпарат көзі ретінде Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша 9 Қосымша енгізілді. Олардыӊ ішінде негізгісі: Нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды дәрігер/фельдшер және орта медицина қызметкері үй жағдайында және МСАК деӊгейінде медициналық ұйымдарда қабылдауыныӊ жалпы бақылау сызбасы және 5 жасқа дейінгі балалар патронажыныӊ әмбебап-прогрессивті моделініӊ сызбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны