17.09.2010, 17:49 3733

Қазақстанда арнайы жүргізілген іс-шара барысында 900 кг есірткі тәркіленген

Қазақстанда "Арна-Оңтүстік" аймақтық есірткіге қарсы жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде 900 кг есірткі тәркіленген. Бұл туралы іс-шараның қорытындысы бойынша "Мәскеу-Душанбе" бейнекөпірі барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілі Алтай Башанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

Алматы. 17 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Арна-Оңтүстік" аймақтық есірткіге қарсы жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде 900 кг есірткі тәркіленген. Бұл туралы іс-шараның қорытындысы бойынша "Мәскеу-Душанбе" бейнекөпірі барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілі Алтай Башанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

Атқарған іс-шаралардың қорытындысы туралы баян еткен ол, осы операцияға байланысты республикада Ішкі істер министрлігі, шекара және кеден қызметтері, қаржы полициясы өкілдерінен ұлттық ведомствоаралық жедел штаб құрылғанын мәлім етті. Операцияның қазақстандық сегментіне барлығы 3 мыңнан астам адам жұмылдырылды.

"247 жедел топ, автокөлік жолдары мен шекара аумақтарын, теміржол және әуе көліктерін тексеру үшін 193 бақылау бекеттері құрылды. Нәтижесінде 900 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде, 6,5 келі гашиш, 7 келіге жуық героин бар. 133 қылмыс анықталды, оның 23-і - есірткі сатумен, 8 оқиғасы- есірткі контрабандасымен байланысты. Заңсыз есірткі саудасы үшін 182 адам ұсталды", деп хабарлады А.Башанов.

Қазақстанның ІІМ өкілінің пайымдауынша, қол жеткізіп отырған нәтиже осындай іс-шараларды одан әрі жалғастыру керектігін көрсетіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны