05.01.2018, 17:14 6269

Қазақстанда автокөліктерді мемлекеттік тіркеу ережелері түбегейлі өзгерді

30 жұмыс күніне дейін мемлекеттік нөмірлерді қайта орнату кезінде мемлекеттік баждарды (АЕК көлемініӊ жыл сайынғы өсуін ескергенде 2018 жылдан бастап 6 734 тенге көлемінде) төлеу қажеттілігін алып тастау мақсатында, Агенттік ұсынымдарыныӊ негізінде Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаӊалық осы жылдан бастап жүзеге аса бастады.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, есепке алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдады.

Азаматтар автокөлікті есептен шығару кезінде жаӊа есепке алатын автокөлікке өзініӊ бұрынғы мемлекеттік нөмірлерін орнатуда 2,8 АЕК көлемінде мемлекеттік бажды, соныӊ ішінде Арнайы ХҚКО және ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелерінде сақтауда тұрған нөмірлер үшін де төлейтінін тәжірбие көрсетіп отыр.

Осылайша, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сақтауға 11 мыӊға жуық азамат өтініш береді және бұл оларды қайта орнату үшін 63 млн. тенгеден астам сомаға мемлекеттік баж төлегенмен эквивалентті.

30 жұмыс күніне дейін мемлекеттік нөмірлерді қайта орнату кезінде мемлекеттік баждарды (АЕК көлемініӊ жыл сайынғы өсуін ескергенде 2018 жылдан бастап 6 734 тенге көлемінде) төлеу қажеттілігін алып тастау мақсатында, Агенттік ұсынымдарыныӊ негізінде Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаӊалық осы жылдан бастап жүзеге аса бастады.

Осыған қоса, мемлекеттік нөмірдіӊ 1 данасы жоғалған немесе жарамсыз болған кезде азаматтарға оныӊ телнұсқаларыныӊ комплектісі (2 данасы) үшін міндетті түрде мемлекеттік бажды төледі немесе автомашинаны қайта тіркеді.

Мысалы, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерініӊ телнұсқаларын дайындауға 1,9 мыӊға жуық азамат 11 млн. тенгеден астам сомаға өтініш беретінін көрсетті.

Автокөлік иелері тарапынан қосымша шығыстар болмауы мақсатында сонымен қатар жаӊа Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік нөмірдіӊ 1 данасы үшін 6 734 теӊге орнына 3 367 теӊгеге дайындауға өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады.

Рәсімдерді оӊайландыру, әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қатерлерді жою Агенттік жұмысыныӊ басымдылығы екенін атап өту керек, деп хабарлайды агенттіӊ ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны