30.11.2016, 11:54 6128

Қазақстанда ЕҚЫҰ іс-шарасында судьялар қоршаған орта мәселелері бойынша оқытылуда

Қатысушылар азаматтық істерде, оныӊ ішінде Орхус конвенциясын іске асыру барысында пайда болатын дауларда экологиялық заӊнаманы сот тәртібінде қолдану туралы оқытылуда.

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада 2016 жылғы 29 қарашада азаматтық істері бойынша экологиялық заӊнаманы сот тәртібінде қолдану мәселелері бойынша судьяларға арналған оқыту семинары өтті.

Қатысушылар азаматтық істерде, оныӊ ішінде Орхус конвенциясын іске асыру барысында пайда болатын дауларда экологиялық заӊнаманы сот тәртібінде қолдану туралы оқытылуда.

Аталған іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Жоғарғы сотпен және Жоғарғы соттыӊ жанындағы Сот төрелігі академиясымен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды, және де елдіӊ барлық түпкірінен келген 35 өӊірлік судьяны жинады.

Жоғарғы Сот судьялары және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясыныӊ сарапшысы Еуропалық экономикалық комиссиясыныӊ "Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтыӊ қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы" конвенциясын (Орхус конвенциясы) орындау барысында пайда болатын дауларды шешу жолдары туралы тренингті ұсынды. Азаматтық істер, басқа халықаралық құралдар, экологиялық бұзушылық саласында әкімшілік және қылмыстық істерді қарастыру кезінде қолданылып жатқан ұлттық заӊнама іс-шараныӊ баса назарында болды.

Сонымен бірге қатысушылар бекітілген талаптардыӊ сәйкессіздігі туралы мүмкін жағдайларын шешу үшін тікелей жұмылдыруды, табиғатты қорғау заӊнамасын бұзудыӊ күнделікті жағдайларын, БҰҰ Халықаралық Сотында экологиялық дауларды соттық қарастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Іс-шара Офистіӊ қабылдаушы елге оныӊ Орхус конвенциясыныӊ ұлттық институционалдық және құқықтық аясын жетілдіруге қатысты өз міндеттемелерін орындауына ықпалдастық көрсету жөніндегі көпжылдық жұмысыныӊ бір бөлігі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны