08.09.2016, 14:08 3868

Қазақстанда экстремизм және терроризм қылмысына қарсы қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі

Мәжілісте "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" үкіметтік заӊ жобасыныӊ таныстырылымы басталды.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжілісте "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" үкіметтік заӊ жобасыныӊ таныстырылымы басталды.

Заӊ жобасыныӊ таныстырылымында депутаттармен және заӊ жасаушылармен бірге Парламентке енбеген "Бірлік", "Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясыныӊ" (ЖСДП) және "Ауыл" партияларыныӊ өкілдері, белгілі құқық қорғаушы және саясаткерлер Жеміс Тұрмағанбетова, Евгений Жовтис, Досым Сәтпаев, Зәуреш Батталова, тағы басқа бірқатар сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысып отыр.

Заӊныӊ жобасы 2016 жылғы 10 маусымда өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеӊесі отырысында Елбасы берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген.

Заӊ жобасына енгізілетін түзетулер қару-жарақтыӊ заӊсыз айналымы, заӊсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізуге, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, оныӊ ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердіӊ айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудыӊ ерекше тәртібін жүзеге асыруға бағытталған.

Сонымен қатар құжатта экстремизм мен терроризмге ықпал ететін діни топтар мен бірлестіктердіӊ іс-әрекеттеріне тыйым салу да қарастырылған.

Енгізілетін жаӊалықтар бойынша ҰҚК Төрағасыныӊ орынбасары Марат Қалқабаев баяндама жасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны