24.05.2013, 09:51 3178

Қазақстанда елді индустрияландырудың екінші кезеңін жүзеге асыру басталады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов IV-ші "Astana Invest 2013" инвестициялық форумының ашылуында сөйлеген сөзінде елімізді индустриялдық- инновациялық жаңғыртудың екінші кезеңін қалыптастыру бойынша жұмыстардың басталғанын айтты.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда елді индустрияландырудың екінші кезеңін жүзеге асыру басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов IV-ші "Astana Invest 2013" инвестициялық форумының ашылуында сөйлеген сөзінде елімізді индустриялдық- инновациялық жаңғыртудың екінші кезеңін қалыптастыру бойынша жұмыстардың басталғанын айтты.

"Бірінші кезеңнің жүзеге асырылуы қазірдің өзінде Астанада, тұтастай алғанда, жалпы елімізде көптеген жаңа кәсіпорындар мен өндіріс орындарын құруға мүмкіндік берді. Бұл үдеріс барысында бизнеске үлкен орын беріледі. Біз ниет білдірген барлық кәсіпкерлер мен инвесторларды өзара іс-қимыл мен тығыз әріптестікке шақырамыз", - деді Үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны