21.09.2010, 15:38 3847

Қазақстанда "электрондық үкіметке" бес жыл ішінде 44 млрд теңге жұмсалған

Қазақстанда "электрондық үкімет" бағдарламасын құрып, оны дамытуға бес жыл ішінде 44 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің "электрондық үкіметті" жүзеге асыру мәселелеріне қатысты өткізіліп отырған отырыс барысында ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда "электрондық үкімет" бағдарламасын құрып, оны дамытуға бес жыл ішінде 44 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің "электрондық үкіметті" жүзеге асыру мәселелеріне қатысты өткізіліп отырған отырыс барысында ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Электрондық үкімет" бастамасы 2005 жылы бастау алып, бүгінгі күнге дейін 44 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалған",- деп хабарлады А. Жұмағалиев.

Ол сонымен қатар, "базалық инфрақұрылым құрылды" деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда көрсетілген электрондық қызмет көлемі қыркүйек айында 669 мыңға жеткен. "2010 жылдың желтоқсан айына дейін электрондық қызмет көрсету көлемі 1 млн 424 мыңға дейін жетеді деп күтілуде. Электрондық лицензиарлардың санын жыл аяғына дейін 9-дан 20-ғе дейін жеткізу жоспарлануда",- деп нақтылап өтті отырыс барысында А. Жұмағалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны