28.01.2011, 17:10 5464

Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2011 жылы 9 мың АҚШ долларынан асып жығылды

Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2011 жылы 9 мың АҚШ долларынан асып жығылды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 28 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2011 жылы 9 мың АҚШ долларынан асып жығылды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 28 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, "ел дамуының тек бір ғана интеграцияланған көрсеткішін келтіремін. 1994 жылы жан басына шаққанда бізде жалпы ішкі өнім 700 доллардан сәл ғана асатын қаржыны құрады, ал 2011 жылдың 1 қаңтарында ол 12 еседен астам өсіп, 9 мың АҚШ долларына артты", - деді Н. Назарбаев.

"Біз өзіміздің жоспарымызда бұл деңгейге тек 2015 жылы жетеміз деп есептеген едік. Илемдік тәжірибе бірде бір мемлекет тәуелсіздігінің алғашқы 20 жылында мұндай жетістікке жетпегенін көрсетуде", - деп атап өтті ол.

"Мысалы, бүгінде әлемдегі дамыған мемлекеттердің бірі Оңтүстік Корея тәуелсіз дамуының алғашқы онжылдығында халқының жан басына шаққанда ЖІӨ-ді үш есе өсірсе, Малайзияда 2 есе, Сингапурде 4 есе, Венгрияда 5 есе, Польшада 4 есе, Қазақстанда 12 есе артқан", - деп үзінді келтірді Президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны