08.11.2011, 11:59 3134

Қазақстанда инновациялық гранттар алуға құны 55 млрд теңгені құрайтын 700 жуық өтініш берілді

Қазақстанның инновациялық саясат саласы бағытында заңнамалық қолдаулар қамтылып, мемлекеттік ынталандыру шаралары жүзеге асуда. Инновациялық гранттарды ұсынуға орай, ағымдағы жылдың бюджетінде 7,3 млрд. теңге бөлінген.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда инновациялық гранттар алуға құны 55 млрд теңгені құрайтын 700 жуық өтініш берілді , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның инновациялық саясат саласы бағытында заңнамалық қолдаулар қамтылып, мемлекеттік ынталандыру шаралары жүзеге асуда. Инновациялық гранттарды ұсынуға орай, ағымдағы жылдың бюджетінде 7,3 млрд. теңге бөлінген.

Гранттар алуға берілген тапсырыстар саны 700-ге жетіп жығылып, оның сұранысы 55 млрд. теңгеден асқан. Яғни тапсырыс былтырғы жылға қарағанда екі есеге артып, сұратылған қаржы ауқымы 4 есеге өскен, деп айтылған ИЖТМ баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны