09.10.2012, 10:17 3029

Қазақстанда қаңтар - қыркүйек айларында ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы 2,7 пайызға өсті

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы қыркүйекте 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 4,1%, мал шаруашылығы өнімі - 0,6%-ға қымбаттады.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қаңтар - қыркүйек айларында ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы 2,7 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы қыркүйекте 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 4,1%, мал шаруашылығы өнімі - 0,6%-ға қымбаттады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте баға бидайға 6,6%, жүгеріге - 5%, арпаға - 2,7%, күрішке - 0,5%- ға өсті, ал қарақұмыққа 7,4%, қара бидайға - 5,9%, тарыға - 2,8%, сұлыға - 0,4%-ға төмендеді.

Қызанақ 17,7%, қияр - 11,2%, картоп - 7,9%, қырыққабат - 7,2%, басты пияз - 1,7%-ға арзандады, ал асханалық сәбіз 6,9%, асханалық қызылша - 3,1%, қауын және қарбыз - 10,9%-ға қымбаттады. Баға күнбағыс тұқымына 10,7%, жүзімге - 4,5%, жемістер және жидектерге - 4,1%-ға төмендеді.

Қой еті 11,9%, жылқы еті - 8,2%, ірі қара мал еті - 6,7%, шошқа еті - 4,6%, құс еті - 4,4%-ға қымбаттады, ал жұмыртқа 18,9%, шикі сүт - 5,5%-ға арзандады

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны