09.01.2008, 10:16 1631

Қазақстанда Қарулы күштердің офицерлік құрамы көп деңгейлі дайындық жүйесіне толық қамтылатын болады

Қазақстанда Қарулы күштердің офицерлік құрамы көп деңгейлі дайындық жүйесіне толық қамтылатын болады

Астана. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда Қарулы күштердің офицерлік құрамы көп деңгейлі дайындық жүйесіне толық қамтылатын болады. Бұл туралы сейсенбі күні Ұлттық қорғаныс университеті мен Ш.Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусының курсанттарымен кездесу барысында Қазақстан Респуликасының қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қорғаныс мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгінгі күннен бастап әскери оқу орындарының базасында, соның ішінде Ұлттық қорғаныс университетінде, әскери оқу орталықтарында, әскери кафедраларда офицерлерді көп деңгейлі дайындау жүйесі жұмыс істей бастады",- деп хабарлады Д. Ахметов.

Үстіміздегі жылы барлық түрдегі курстарда 3 мыңнан астам офицерлеоді оқыту жоспарланған. Сонымен қатар, жыл сайын офицерлерді Ресейдің және алыс шетелдердің жоғарғы оқу орындарында біліктілігін көтеру дәрістеріне жіберу қарастырылған.

"Иртараптандыру жолымен жүрген әрбір қадам әскери білім берудің жаңа тиімді үлгісін құруға мүмкіндік береді",- деді Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі.

Оның айтуынша, әскери жоғарғы оқу орындары заманауи құрылғылармен жабдықталып, дүниежүзілік стандарттарға сәйкес технологиямен қамтамасыз ету арқылы олардың оқу бағдарламалары түбегейлі жаңартылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны