08.04.2013, 11:41 3261

Қазақстанда "Kaz aid" елдерге ізгілікті көмек көрсету агенттігі құрылады

Қазақстан "Kaz aid" елдерді дамытудың ресми көмегі қазақстандық агенттігін құру жұмыстарын жасауда, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков.

Астана. 8-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Kaz aid" елдерге ізгілікті көмек көрсету агенттігі құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан "Kaz aid" елдерді дамытудың ресми көмегі қазақстандық агенттігін құру жұмыстарын жасауда, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков.

"Жылдан жылға өңірлік донор рөлін белсенді атқарып келеміз және бақытсыздыққа ұшыраған елдерге ізгілікті көмек көрсетудеміз, тіпті біздің өңірден тыс елдерге де. Осы тәжірибені ескере отырып, дамуға ресми көмек "Kaz aid" қазақстандық агенттігін құру жұмыстарын атқарудамыз", - деді А.Волков "Оңтүстіктің жоғарылауы: алуан түрлі әлемдегі адами өрлеу" БҰҰДБ жаһандық баяндамасын таныстыру кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігінде.

Сонымен қатар, ол ҚР СІМ Алматы қаласында көпжақты дипломатияның өңірлік хабын құру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

"Алматы қаласына Вена, Бангкок, Женева сияқты БҰҰ өңірлік орталығы мәртебесін беру өңірлік жобаларды масштабты жүзеге асыуына ықпал етіп, Ауғаныстан мен Оңтүстік Кавказ сияқты елдер мен аудандарды дамыту орбитасына тартуына әсер етеді деп ойлаймыз", - деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны