29.01.2009, 17:06 3148

Қазақстанда қылмыстық ахуалға нақты әсерін тигізе алатын қылмыстық "серкелер" жоқ - ІІМ

Қазақстанда қылмыстық ахуалға нақты әсерін тигізе алатын қылмыстық "серкелер" жоқ - ІІМ

Алматы. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда қылмыстық ахуалға нақты әсерін тигізе алатын қылмыстық "серкелер" жоқ. Бұл туралы бүгін өткен алқа мәжілісінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кейбір ТМД елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда қылмыстық ахуалға нақты әсерін тигізе алатын қылмыстық "серкелер" жоқ ", - деп мәлімдеді ол.

"Біз ұйымдасқан қылмысқа көрсетілетін қысымды күшейте түстік, ол үшін барлық заңды шараларды, күш тәсілдерін қолданып жатырмыз. Ұлттық қауіпсіздік және прокуратура органдарымен бірлесе күресіп жатырмыз", - деді министр. Ішкі істер министрінің айтуынша, өткен жылы ұйымдасқан қылмыстық топтардың 55 жетекшісі мен 250-ден аса мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Сіз 1990-шы жылдардағы қылмыстық топтардың мүшелерінің белсенділігі артуы мүмкін екендігіне назар аударғансыз. Біз оларды білеміз және олапрды қатаң бақылауға алдық, оперативтік арналар бойынша бұл тұлғалардың байланыстары мен қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатырмыз", - деді Б. Мұхамеджанов ел үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны