21.02.2014, 19:29 3426

Қазақстанда қылмыстық-құқықтық саладағы бағытты өзгерту керек - З. Баймолдина

Вице-министрдің айтуынша, басты міндет - жаңа Кодекстерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты - қылмыстық жазалау және әкімшілік жауапқа тарту саласын ізгілендіру.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда қылмыстық-құқықтық саладағы бағытты өзгерту қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Иділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина мәлімдеді.

"Былтыр, өздеріңіз білесіздер, төрт Кодекстің жобасы қарауға енгізілді: Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық-атқару және Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстер. Неге олай етілді? Себебі, өмір бір орында тұрған жоқ. Олар 90-шы жылдардың аяғында қабылданған кодекстер, мысалы Қылмыстық кодекс 1997 жылы қабылданды. Содан бері біраз уақыт өтті, сондықтан да қылмыстық-құқықтық саладағы бағытты өзгерту керек", - деді вице-министр өз сөзінде.

Вице-министрдің айтуынша, басты міндет - жаңа Кодекстерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты - қылмыстық жазалау және әкімшілік жауапқа тарту саласын ізгілендіру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны