01.04.2016, 15:21 5458

Қазақстанда көктемгі шақыру науқаны басталды

Бүгін, 2016 жылдыӊ 1 сәуірінде еліміздіӊ барлық өӊірлерінде "Искери қызмет пен әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" ҚР Заӊына сәйкес жас азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру басталды, деп хабарлады облыс әкімдігі

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылдыӊ 1 сәуірінде еліміздіӊ барлық өӊірлерінде "Искери қызмет пен әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" ҚР Заӊына сәйкес жас азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру басталды, деп хабарлады облыс әкімдігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылдыӊ көктемінде Қазақстанда мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, 18 бен 27 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткермеген 14 мыӊнан аса қазақстандық шақырылуға жатады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Көктемде орта-арнаулы және орта білімі бар бозбалалар басымдылық беріледі. Қазір Қарулы Күштер мен басқа да әскерлерге заманауи қару-жарақ пен әскери техника келіп түсуде. Оларға қызмет көрсету қажет. Функционалдық міндеттерді орындау үшін дайындалған мамандар керек", - деді ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығыныӊ орынбасары полковник Амантай Үсербаев.

Шақыру учаскелеріне тіркеу сәттен бастап және олардыӊ әскерге шақырылғанына дейін жергілікті әскери басқару органдарымен мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды жүйелі түрде зерделеу жүргізіледі.

"Биылғы жылы 30 мыӊға жуық азаматты шақыру жоспарлануда. Оныӊ ішінде 15 мыӊы көктемгі шақыруда шақырылатын болады. Дене даярлығы бойынша спорттық жетістіктері бар анағұрлым дайындалған Аэроұтқыр әскерлерін жасақтауға аса мән берілуде. Дәрігер мамандарымыз әрбір шақырылушыны, яғни, оныӊ әскери қызметке денсаулық жағдайыныӊ жарамдылық дәрежесін жіті тексереді", - деді Департамент бастығыныӊ орынбасары - Астана қаласы ҚІЖД келісімшарт және шақырылу бойынша әскери қызметшілерді жинақтау басқармасыныӊ бастығы полковник Ғани Артықов.

ҚР Үкіметініӊ қаулысына сәйкес шақырылушылардыӊ денсаулық жағдайына жаӊа талаптар енгізілді. Медициналық куәландыруды жақсарту бойынша қосымша шаралар қарастырылған.

"Шақырылушылардыӊ физикалық жай-күйі туралы айтатын болсақ, алдыӊғы жылдардағы шақырулармен салыстырғанда әр жыл сайын физикалық жағдайлары жақсарып келеді. Мүмкін, салауатты өмір салтын ұстанудыӊ насихатталуы ықпал еткен болар", - деп шақыру бойынша бақылау комиссиясыныӊ дәрігері Татьяна Шевелуха атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны