21.04.2015, 18:22 4218

Қазақстанда қолданылатын қызылшаға қарсы вакцина барлық нормативтерге сай келеді

Қазақстанда жасөспірімдерді иммундауға қолданылатын қызылшаға қарсы моновакцина барлық нормативтік талаптарға сай келеді. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникаларды сараптау ұлттық орталығыныӊ (ДЗММБМТСҰО) мамандары осындай қорытынды жасады

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жасөспірімдерді иммундауға қолданылатын қызылшаға қарсы моновакцина барлық нормативтік талаптарға сай келеді. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникаларды сараптау ұлттық орталығыныӊ (ДЗММБМТСҰО) мамандары осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ДЗММБМТСҰО-ныӊ мәліметтері бойынша, Serum Institute of India (Үндістан) өндірген қызылшаға қарсы моновакцинаныӊ еріткішпен қоса 16 физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштері (көрінетін бөлшектер бойынша механикалық қосулар; ылғалдылығы; сипаттамасы; тұнықтығы; түсі, рН; алынатын көлемі; қышқылдығы немесе сілтілігі; меншікті электрөткізгіштігі; заттардыӊ тотығуы; хлоридтер, нитраттар, сульфаттар, кальций және магний; ауыр металлдар; бактериялық эндотоксиндер; кептірілген кезде массаныӊ жоғалуы; улылығы; зарарсыздығы) бойынша сынақтан өтті. Сынақ қорытындылары нормативтік құжат талаптарына сай екенін көрсетті.

Вакцинаныӊ қосымша үлгілері келесі көрсеткіштер бойынша сынақтан өтті:

1. Сәйкестендіру - сынақтан өтетін вакцинаныӊ шынайылығы, яғни қызылша вирусы штаммыныӊ құрамы анықталады.

2. Айрықша белсенділігі - бұл әдіс "Vero" жасушаларыныӊ сезімталдығына қызылша вирусыныӊ цитопатикалық әсерін пайдалануға негізделген және вакцинаныӊ сандық құрамын анықтайды.

3. Термотұрақтылығы - айрықша белсенділігініӊ көрсеткіштері анықталып, вакцинаныӊ температуралық режімніӊ өзгеруіне тұрақтылығын көрсетеді, яғни, вакцина экспозициядан кейін Цельсий бойынша температура 36 градуста 7 күн бойы өзіндік белсенділігін сақтауы тиіс.

Сондай-ақ, "ауытқыма уыттылығына", "бактериалдық эндотоксиндерге" және "зарарсыздығына" сынақтар өткізілді.

Жоғарыда көрсетілген барлық көрсеткіштер бойынша вакцинаныӊ сапасы нормативтік құжаттардыӊ талаптарына сай келеді.

Вакцинациядан кейін жасөспірімдер арасында тіркелген қолайсыз көріністердіӊ себептерін зерттеу қорытындылары құрамына ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті, республикалық медициналық орталықтар, ДДҰ Қазақстандағы кеӊсесініӊ өкілдері кірген ведомствоаралық жұмыс тобы жүргізген барлық тексерулердіӊ нәтижелері бойынша ағымдағы жылғы мамыр айында жарияланады.

Бұған дейін хабарланғандай, бүкіл әлемдегі қызылшамен сырқаттанушылық бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерініӊ 2015 жылғы 15 қаӊтардағы қаулысымен 15 және 19 жас аралығындағы тұлғаларды қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялау туралы шешім қабылданған.

ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - ТҚҚК) қызылшаға қарсы сатып алынған моновакцинаныӊ көлемін, сұранысын, техникалық сипаттамасын анықтады. Қызылшаға қарсы вакцинациялауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қосымша иммунизациялауды өткізу кезеӊінде жоспардан тыс тексеру ұйымдастырған кезде вакцинаныӊ "салқындату тізбегін" сақтау және тасымалдау ережелерініӊ бұзылуы анықталған жоқ.

Иммунизациялау барысында республиканыӊ 5 облысында қызылшаға қарсы вакцинациялаудан кейін жасөспірімдерден 399 өтініш тіркелді. Жасөспірімдердіӊ 264-і ауруханаға жатқызылды, бүгінгі күні 264-і емделіп шықты. Егілгендердіӊ жалпы саныныӊ (529 мыӊ 422 адам.) ішінен өтініштердіӊ салыстырмалы салмағы 0,07% құрады, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) мәліметтері бойынша 15%-ға дейін жол беріледі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерініӊ ағымдағы жылғы 19 ақпандағы қаулысымен қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялау тоқтатылып, ағымдағы жылғы 2 наурыздағы қаулысымен ол 2015 жылғы 4 мамырға дейін ұзартылды.

Қалыптасқан жағдайды зерделеу үшін ҚР ДСИДМ құрамында ТҚҚК, республикалық медициналық орталықтар өкілдері, Қазақстандағы ДДҰ өкілдері кірген жұмыс тобын құрды.

Жағдайларын верификациялау және ары қарай оӊалту қажеттілігі бойынша балалар Алматы және Астана қалаларыныӊ республикалық орталықтарына жіберілді. Өз кезегінде, бұл медициналық мекемелердіӊ мамандары көмек көрсету үшін өӊірлерге барып қайтты. Бүгінгі күні жасөспірімдердіӊ жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық, кейбіреулерінде вакцинациялауға қатысы жоқ соматикалық ауруларыныӊ асқынуы байқалады.

Бейінді мамандардыӊ қорытындысы бойынша, көп жағдайда қаралған тұлғаларда эмоционалды жағдайға жататын симптомдар және белгілер анықталды. Олар Халықаралық сыныптамасында "Күйгелектік", "Мазасыздану және қозғыштық" болып сыныпталған. ДДҰ сарапшылары қазақтандық дәрігерлер қойған диагноздарыныӊ дұрыстығын және жасөспірімдердіӊ стационарларда ары қарай болуыныӊ қажетсіздігін растады. Көрсетілген симптомдардыӊ себептері вакцинациялау емес, вакцинациялаудыӊ процесі болып табылады.

Вакцинациялау вакцинамен басқарылатын, оныӊ ішінде қызылша сияқты жұқпалы аурулардыӊ алдын-алуда бірден-бір әдісі екенін атап өту қажет. Вакцинациялау жасанды иммунитеттіӊ дағдылануына ықпал етеді. Адамда ауруға иммунитеттіӊ жоқтығы асқынуларға және өлімге апарып соғады.

Қазақстанда қосымша иммунизациялаудыӊ соӊғы науқаны 10 жыл бұрын (2005-2006 жылдары) өткізіліп, елімізде қызылшамен науқастану көрсеткішін жүздеген есеге төмендетуге (16 мыӊнан 13 жағдайға дейін) мүмкіндік берді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны