26.06.2008, 17:50 3042

Қазақстанда көліктегі заң бұзушылықтар үшін жүктелетін жауапкершілікті қатайтатын жүйе енгізіледі

Қазақстанда көліктегі заң бұзушылықтар үшін жүктелетін жауапкершілікті қатайтатын жүйе енгізіледі

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда көліктегі заң бұзушылықтар үшін жүктелетін жауапкершілікті қатайтатын жүйе енгізіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ жол полициясы комитетіне сілтеме жасап.

ІІМ ақпаратына сәйкес, кейінгі 10 жылда Қазақстан жолдарында 28 мыңнан астам адам қаза тауып, 162 мың адам жарақаттанған. Жыл сайын болатын жол апаттарының саны үштен бір бөлікке ұлғайды (11,9-дан 16 мыңға дейін), жарақаттанғандар саны да осынша өскен, ал қаза тапқандар саны 2 есе артты.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, жол апаттарынан келген шығын көлемі жыл сайын орта есеппен Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің 2,2% құрап, $1,7 млрд асты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23 маусымда парламент "Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны