08.12.2012, 13:25 3064

Қазақстанда "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында шаршы метрдің бағасы арзандатылады

Баспана шаршы метрінің бағасын арзандату мақсатында үй құрылысы комбинаттарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, деп мәлім етті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда сөйлеген сөзінде.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында шаршы метрдің бағасы арзандатылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Баспана шаршы метрінің бағасын арзандату мақсатында үй құрылысы комбинаттарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, деп мәлім етті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда сөйлеген сөзінде.

"Тұрғын үй шаршы метрінің бағасын арзандату мақсатында үй құрылысы комбинаттарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, инженерлік желілер тартуға қарастырылған шығыстар қысқартылды", деп түсіндірді вице-премьер.

Оның айтуынша, шаршы метрдің орташа бағасы облыс орталықтарында 110 мың теңгені құраса, елордада және Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 180 мың шаршы метрді шамалайды. Яғни, ауданы 70 шаршы метрлік пәтердің бағасы облыс орталықтарында 51 мың АҚШ доллары болса, Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында 84 мың долларды құрайды. Қазіргі таңда еңбекке жарамды азаматтардың тек төрттен бірі ғана өз баспана проблемаларын шеше алады.

Және, бүгінде республика бойынша жатақханамен қамтамасыз ету көрсеткіші шамамен 70% құрайды, 2013 жылы 6 мыңнан астам студент жаңа жатақханалардан орын алады. Ал 2014 жылдан бастап 50 мың орынға арналған 80 жатақхананың құрылысы жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылдың соңына дейін қаржыландырудың барлық көзі есебінен 6 млн. шаршы метр баспана салу, 1 млн. жуық отбасының отбасылық жағдайларын жақсарту, сондай-ақ екінші нарықтағы 35 млн. шаршы метр баспананы жаңарту, отандық құрылыс материалдары өндірісінің ішкі нарықтағы үлесін 65% -дан 90%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауымен жүктелген тапсырмаларды іске асыру мақсатында әзірленіп отыр. Бағдарламаның мақсаты халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысының даму мәселелерін кешенді шешу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны