05.12.2007, 19:25 3347

Қазақстанда құқықтық ақпараттардың біртұтас ведомствоаралық банкі құрылады

Қазақстанда құқықтық ақпараттардың біртұтас ведомствоаралық банкі құрылады

Астана. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда құқықтық ақпараттардың біртұтас ведомствоаралық банкі құрылады. Бұл туралы бүгін станада Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың төрағалық етуімен ҚР Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісінде шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттік Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үйлестіру кеңесінің шешімімен құқық қорғаушы және бақылаушы органдарының басшыларына құқықтық ақпараттардың біртұтас ведомствоаралық ықпалдастырылған банкін құру туралы бірлескен бұйрық қабылдау, сондай-ақ оны әзірлеу үшін жұмыс тобын құру ұсынылды.

Құқық қорғау және бақылаушы органдардың мәліметтер жиынтығындағы ақпараттармен алмасу тәжірибесін жетілдіру шараларын талқылау Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болды.

"Бұл тақырып тегіннен-тегін қарастырылып отырған жоқ. Өйткені, қазір құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауда кездесіп отырған қиыншылықтар көбінесе ақпараттар алмасу тәжірибесінің жетімсіздігінен болып отырған жайт",- деп атап көрсетілген абспасөз баянында.

Сонымен бірге, Кеңес мүшелері мемлекетаралық ақпарат алмасуды және басқа елдердің құқық қорғау органдарындағы, сондай-ақ Интерпол, ШЫҰ, ТМД сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру саласы да ерекше шаралар қабылдауды қажет етеді деген пікірге келді.

Сонымен бірге, мәжілісте Құқық қорғау органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірді зерделейтін республикалық орталық құру жобасы да талқыланды.

2007 жылдың 28 ақпанындағы мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының жиырма жетінші бағытында құқықтық тәртіпті нығайтудың, сондай-ақ ашық та демократиялық қоғамның негіздерін және азаматтардың құқықтары мне бостандықтарын қорғаудың тиімді жүйесін дәйекті түрде күшейту қажеттілігі атап көрсетілген.

Өз қызметінде тек статистикалық мәліметтер әдістемесі бойынша ғана емес, сонымен бірге, зерттеулер, сауалдамалар және сауалнамалар жүргізу арқылы құқық қорғау органдарының жұмысын жүйелі деңгейде зерделеп, бағалауға мүмкіндік беретін Қоғамдық пікірді зерделейтін республикалық орталық құру осы мәселенің бірден бір оң шешімі болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны