27.01.2012, 14:03 3269

Қазақстанда лицензиялар мен рұқсат берудің барлық түрі тағы 30 пайызға қысқарады

Жаңғыртудың басты мәселерінің бірі әкімшілік процедураларды жеңілдету екендігін баса айтқан Елбасы: "Менің тапсырмам бойынша рұқсат беру құжаттарының тізбесі қазірдің өзінде 30 пайызға қысқарды. Үкіметпен лицензия мен рұқсат берудің барлық түрлерін тағы да үштен бірге төмендететін заң жобасы әзірленді", - деді.

Астана. 27-қаңтар. Kazakhstan Today - Елімізде лицензиялар мен рұқсат берудің барлық түрі тағы 30 пайызға қысқарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Жаңғыртудың басты мәселерінің бірі әкімшілік процедураларды жеңілдету екендігін баса айтқан Елбасы: "Менің тапсырмам бойынша рұқсат беру құжаттарының тізбесі қазірдің өзінде 30 пайызға қысқарды. Үкіметпен лицензия мен рұқсат берудің барлық түрлерін тағы да үштен бірге төмендететін заң жобасы әзірленді", - деді.

Бұл ретте Мемлекет басшысы рұқсат беру заңнамасына жаңа принциптер енгізу келесі қадам болатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны