23.10.2007, 16:03 3193

Қазақстанда "Мак-2007" атты іс-шара барысында 18,6 тоннадан астам есірткі тәркіленген

Қазақстанда "Мак-2007" атты іс-шара барысында 18,6 тоннадан астам есірткі тәркіленген

Астана. 23-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында 25-мамыр мен 20-қазан аралығында жүргізілген "Мак-2007" жедел-профилактикалық іс-шара барысында 18,6 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 47 кг 311 грамм героин, 18 тонна 504 кг марихуана тәркіленіп, есірткі бизнесі саласындағы 8 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің нәсихаттау және қоғамдық байланыстар бөлімінен хабарлады.

Есірткі бизнесімен күрес комитетінің ақпараттарына сүйенсек, "Мак" іс-шарасының басты мақсаты есірткінің заңсыз айналымы мен оны заңсыз тұтынуға қарсы тұру, есірткіні заңсыз егу нысандарын анықтап, жою, есірткі дайындауды, оларды тасымалдау арналарының жолын кесу болып табылады.

Есірткі бизнесімен күрес комитетінің хабарлауынша, іс-шара барысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты барлығы 4205 қылмыс анықталған, олардың 1686 сату дерегі, 87 есірткі заттарының контрабандасы. Қалалардың, облыстар мен көліктегі ішкі істер департаменттерінің есірткі бизнесімен күрес бөлімшелерінің қызметкерлерінің өзара ықпалдастығы барысында 29 "бақылаудағы тасымалдау" жүргізілген, олардың 20 Ресей мен Қырғызстанның шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесе іске асырылды.

Полицейлердің хабарлауынша, мамырда жедел ұстанымды нығайту үшін Шу ауданында Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінің "Дельта-Долина" атты есірткі бизнесімен күрес жөніндегі ауданаралық бөлімше құрылған, ол Шу ауданындағы адам аяғы жете бермейтін және құмды өңірлерге кіре берісте марихуана тасымалдау арналарын жою мен дайындау орындарын анықтауға қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізеді.

Іс-шараның қорытындысы бүгін Шу қаласындағы жиналыста шығарылды. Жиналысқа Есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы генерал-майор Маратқали Нүкенов, Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінің бастығы, Алматы, Алматы облысы, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ішкі істер департаменттерінің, көліктегі Оңтүстік Шығыс ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармаларының, сонымен қатар "Дельта-Долина" арнайы бөлімшесінің басшылары қатысқан.

Жиналыс қорытындысы бойынша есірткінің Қазақстандағы таралуы деңгейін төмендетуге, басқа мемлекеттерге республика аумағы арқылы есірткі тасымалдау арналарын жоюға бағытталған ұйымдастыру және практикалық шаралар кешені белгіленді, деп хабарлады Есірткі бизнесімен күрес комитетінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны