14.10.2010, 14:02 5742

Қазақстанда мектепке бармайтын балалар саны артуда - мәжіліс депутаты

Қазақстанда мектепке бармайтын балалар саны артуда. Бұл туралы кеше парламент мәжілісінің жалпы отырысында ҚР премьер-министрінің атына жолданған өтінішінде мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда мектепке бармайтын балалар саны артуда. Бұл туралы кеше парламент мәжілісінің жалпы отырысында ҚР премьер-министрінің атына жолданған өтінішінде мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

С. Тұрсынов, Конституцияға сәйкес азаматтарға тегін орта білім беру кепілдігі берілетіндігіне қарамастан "мектепке бармайтын және оқудан бас тартқан балалар санының өсіп отырғандығын" атап өтті. "Егер кей мәліметтерге сүйенсек, Алматы қаласында 1100 адам, ШҚО - 64, Ақмола облысында 50, Таразда 23 адам мектепке бармайды екен. Бұл ресми мәліметтер бойынша. Ал БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш әлдеқайда көп",- деп атап өтті.

"Бұл мәселені ұшықтырмай, нүкте қоятын кез келді",- деп атап көрсетт ол.

Сонымен қатар, С. Тұрсынов премьер-министрге үстіміздегі жылы қанша бала мектеп табалдырығын аттаған жоқ деген сауал жолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны