21.05.2007, 13:51 2998

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге арналған ұлттық басқару мектебі құрылады

АСТАНА. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге арналған ұлттық басқару мектебі құрылады. Бұл туралы бүгін әкімшілік реформаларға арналған парламенттік тыңдауда республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекеттік басқару академиясының базасында ұлттық басқару мектебін құру жоспарлануда, онда мемлекеттік қызметкерлер жаңа оқыту стандарттарына сәйкес дайындалады",- деп мәлімдеді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, бұл мектепте мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін шыңдап, "жаңа форматтағы мемлекеттік басқарушылар" дайындалмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны