10.04.2014, 19:35 4100

Қазақстанда мемлекеттік органдардың дербестігі мен бюджеттің орындалу икемділігін арттыру көзделуде

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев "Бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев "Бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.

"Заң жобасы бюджеттік саясат пен нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын ары қарай іске асыру мақсатымен дайындалған", - деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, көзделіп отырған негізгі түзетулер бюджеттің орындалу процедурасы мен бюджеттік есеп беруді жетілдіру, өңірлердің мақсатты трансфертін іске асыру мен анықтау процедураларын қысқарту мен дамытуға мақсатты трансферттерді іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың дербестігі мен бюджет орындалуының икемділігін арттыруды қарастырады.

"Заң жобасы арқылы ҚР Бюджет клдексі мен "ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару туралы" ҚР Заңына, "Концессиялар туралы" ҚР Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізуді қарастырады", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны