18.10.2007, 17:43 3227

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке күзгі шақырылымда әскерлердің 42 пайызы шақырылды - ҚР қорғаныс министрі

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке күзгі шақырылымда әскерлердің 42 пайызы шақырылды.

Астана. 18-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мерзімді әскери қызметке күзгі шақырылымда жоспарланған әскерлердің 42 пайызы шақырылды. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Күзгі шақырылым жүріп жатыр, біз әскерге бұрынғыдан айтарлықтай көп адам тартуымыз қажет, және бүгін де әскери қызметке шақырылатын әскерлердің 42 пайызы жиналды",- деді Д. Ахметов.

"Қуанышқа орай, біз ұйымдастырушылық-мобилизациялық жұмыс және қорғаныс істері жөніндегі департаменттің айтарлықтай деңгейде сапалы жұмыс жүргізіп жатқандығын көріп отырмыз. Біз дене бітімі жағынан мүлдем басқаша, және де әскерде қызмет етуге моральдық-психологиялық тұрғыдан да дайын әскерлерді көріп отырмыз", - деп жалғастырды ол. "Бұл Қазақстанның жаңа армиясындағы тың күш, және де менің пайымдауымша, біз президентіміздің экономикалық саясатының жемісін жинауға кірістік, себебі армияға мүлдем басқаша сападағы жас ұрпақ келуде",- деген сенімде министр.

Д. Ахметов, "қазақстандық Қарулы күштер "әскерге шақырылушыларды әскерге әйтеуір кімді болса да шақыру қажеттіктен алу практикасынан алшақтауға тиіс", деп атап көрсетті. "Біз бүгінде, әскери бөлімшелердің өкілдері әскерге кез- келген адам қабылданбайды, деген бұйрығыма сәйкес жұмысты жақсы бастап жатқандығын көріп отырмыз", - деді ол. "Елімізде армияға қабылдау үшін жақсы мүмкіндік, жақсы контингент бар, және де біз сапалы жауынгерлерді жинауға тиіспіз",- деген сенімде қорғаныс мекемесінің басшысы.

"Ирине, армияда проблемалар бар, атап айтқада, біз әзірге келісім-шартпен баратын әскерлердің тапшылығын көріп отырмыз, бірақ жұмыстар жүргізіліп жатыр, ол жүйелі сипатқа ие болады",- деп қосты Д. Ахметов. Оның айтуынша, "біз әрбір қорғаныс ісі жөніндегі аймақтық департаменттегілерге ортамерзімді болашақта келісім-шартпен баратын әскерлердің қажеттілігін жеткіздік, яғни олар келесі жылы жіәне одан әріқарай қанша әскер тарту керектігін біледі".

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылы күзгі шақырылымға республика бойынша 9871 әскер, соның ішінде Астанадан 453 әскер шақыру жоспарланған. Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының азаматтарын күзгі әскерге шақыру 1-қазанда басталған. Искери қызметке жаңадан қабылданғандарды жөнелту үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең - 1 -нен 10-қазанға дейін (20 пайызы), екінші - 10 - 20-қазан (40 пайызы), үшінші - 20 - 31-қазан аралығында (Қарулы күштерді жас толқынмен толтырудағы жалпы қажеттіліктің 40 пайызы). Облыстық әскерге тарту комиссияларының жұмыстарына толықтырылатын әскери бөлімшелердің өкілдері қатысуда. Олардың командирлеріне іріктеуге қатысты соңғы шешемді қабылдау құқығы берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны