19.01.2019, 21:27 5111

Қазақстанда Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірітораптық құрастыру жүзеге асырылады

Қазір Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарына негізігі тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық әуе компаниялары.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты "Қазақстан инжиниринг" ҰҚ" АҚ, "№ 405 Авиажөндеу зауыты" мен "Ростех" корпорациясына қарасты "Вертолеты России" АҚ арасында Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі тораптық құрастыруды Қазақстанда ұйымдастыру туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Аталған құжат Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаев пен Ресей Федерациясыныӊ Президенті В.В.Путин арасындағы бұрын қол жеткен уағдаластық негізінде жасалды.

Тікұшақтарды құрастыру және оны тапсырыс берушініӊ талабына сай бейімдеу "№ 405 Авиажөндеу зауыты" АҚ өндірістік алаӊында іске асырылмақ. Аталған кәсіпорын Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын жөндеу, жетілдіру және техникалық қызмет көрсету үшін қазақстандық және халықаралық органдардыӊ сертификаттарын иеленген.

Сондай-ақ бұл тікұшақтардыӊ осы түрін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге біліктілігі сай келетін Қазақстандағы бірден бір кәсӊіпорын.

Сонымен қатар, Қазақстанда ауыр тікұшақтарды құрастыру технологиясы тұӊғыш рет енгізіліп отырғанын және оныӊ бюджеттік инвестицияларды тартпай ұйымдастырылатынын айта кету керек.

Тікұшақтарды құрастыру өндірісі отандық қорғаныс өнеркәсібін, азаматтық тікұшақ индустриясын және оқу-жаттығу базаларын едәуір дамытуға мұрындық болады.

Қазір Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарына негізігі тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық әуе компаниялары.

Анықтама:Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын М.Л. Миль атындағы Мәскеу тікұшақ зауыты жасаған және олар жолаушылар тасуға, салмағы 4000 кг дейін жүктерді кабина ішінде немесе сыртта іліп тасымалдауға, іздеу-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруге арналған. Қазір Орталық және Оӊтүстік-Шығыс Азияда, Таяу Шығыста, Еуропада, Латын Америкасында және ТМД елдерінде 1000-нан астам осы тікұшақтыӊ түрлі модификациясы пайдаланылуда, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны