24.12.2007, 16:43 2849

Қазақстанда өңдеу өндіріс көрсеткіштері тау-кен саласының көрсеткіштерінен жоғары - МСМ басшысы

Қазақстанда өңдеу өндіріс көрсеткіштері тау-кен саласының көрсеткіштерінен жоғары - МСМ басшысы

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өңдеу өндірістерінің даму көрсеткіштері тау-кен өндіру саласындағы көрсеткіштерінен жоғары. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкімет сағатында ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді.

"Соңғы екі жылда қайта өңдеу өндірісінің даму көрсеткіштері тау-кен кәсіпорындарындағы көрсеткіштерінен асып түсті ", - деп хабарлады Ғ. Оразбақов.

Ол атап өткеніндей, "Қазақстанда 11 айда өндіріс өнімдері 6 трлн 915 млрд теңгеге шығарылды". "Былтырғы жылмен салыстырғанда жеке индекс көлемі 104,5% құрады".

Министрдің деректері бойынша, "тау-кен өндірісінде осы жылдың қаңтар-қараша айларында 3 трлн 909 млрд теңге өнім өндіріліп, 102,8% ұлғайды. Ал өңдеу кәсіпорындарында бұл көрсеткіш 2 трлн 637 млрд теңгеге жетіп, 106,9% құрады".

"Өңдеу өндірісіндегі тері илеу саласының даму көрсеткіші 37,8% құраса, химиялық өсім 28,2%, машина және құрал -жабдықтарды шығару көрсеткіші 21,8% жетті", - деп атап өтті Ғ. Оразбақов.

"Айтылған мәліметтерге сүйене отырып, биылғы жылы кәсіпорындардың қорытындылары кейбір жағымсыз жәйттерге қарамастан, оңтайлы болатынын болжауға болады", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны