29.07.2013, 10:31 3614

Қазақстанда Орталық Азия елдері үшін авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталығын ашу жоспарланған

2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда Орталық Азия елдері үшін авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығының ашылуы күтілуде, деп хабарлады Primеminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Астана. 29-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда Орталық Азия елдері үшін авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталығын ашу жоспарланған , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда Орталық Азия елдері үшін авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығының ашылуы күтілуде,

деп хабарлады Primеminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

"Қазақстанда алғаш рет авиациялық қауіпсіздік бойынша Орталық Азия елдері үшін ИКАО (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы - ред. еск.) оқу орталығы ашылуда. Біз авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекторларымызды оқытып, көршілес елдерден әріптестерімізді шақырамыз. Оқу бағдарламасы, оқу базасы және оқытушылар құрамын даярлау ИКАО талаптарының негізінде жүзеге асырылады", - деді Б.Сейдахметов.

Ол айтып өткендей, Кеңес одағынан кейінгі кеңістікте бұл Киев пен Мәскеуден кейінгі үшінші оқу орталығы болады.

Орталықтың ашылуы үстіміздегі жылдың қыркүйек айының басына жоспарланған Астанада ИКАО өңірлік директоры Луиса Фонсека де Алмейданың қатысуымен өтетін авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық конференцияға орайластырылған.

Сонымен қатар, ол қазақстандық авиациялық мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін заманауи оқыту әуе кемелерін және жаңа жаттығу кешендерін алуға республикалық бюджеттен 2014 жылға 2 млрд жуық теңге бөлу жоспарланғанын хабарлады.

"Соңғы үш жылда Азаматтық авиация академиясының 750 түлегінің ішінен тек 250 еңбекпен қамтылды, бұл сұраныстың төмендігін және отандық авиаторлардың дайындығының әлсіз деңгейін көрсетеді", - деп түйіндеді ААК төрағасы.

Енді ИКАО методологиялық қолдауын, саланы дамыту жоспарларын пайдаланып, бұл тенденцияны өзгертуге болады деп есептейды Б.Сейдахметов.

Бұдан өзге, азаматтық авиация саласындағы қадағалау сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік авиаинспекторлар штаты Қазақстанда 24-тен 40 маманға дейін артқан, деп хабарлады Бекен Сейдахметов.

"ИКАО сарапшыларының ұсыныстарына сүйенсек, азаматтық авиация саласында қадағалау сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік инспекторлар штаты 24-тен 40 бірлікке арттырылған", - деді ААК басшысы.

Сонымен қатар, Б.Сейдахметовтің айтуынша, әуе инспекторлаының еңбекақысы айтарлықтай артқан, бүгінгі таңда олардың еңбектері сала кәсіпорындарының еңбекақысы деңгейінде өтелуде.

ААК төрағасының мәліметінше, Қазақстанда ИКАО аудиті ескертулерін жою бойынша ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде қазіргі уақытта ИКАО Техникалық ынтымақтастық бюросының (ТЫБ) 9 сарапшысы тартылған.

"Үстіміздегі жылдың басынан бастап бізде түрлі бейіндегі 9 сарапшы жұмыс жасайды - жазғы эксплуатация, әуе кемелерінің техникалық жағдайы, авиацияның құқықтық базасы, адами ресурстар бойынша, әуежайлар мен аэронавигация саласында", - деп түсіндірді Б.Сейдахметов.

ИКАО ұсыныстарына сүйеніп, деп жалғады өз сөзін ААК басшысы, авиациялық қызметтің заңнамалық тексерісі жүргізілген, қазақстандық әуе компанияларын қайта сертификаттау үдерісі жүргізілуде, аэронавигациялық құрылымдарды, жердегі қызметтерді қайта ұйымдастыру жүргізіліп жатыр.

Комитет басшысы еске түсіргендей үстіміздегі жылдың шілдесінде күшіне енген авиация туралы заң түзетулерінің 70 % ұшу қауіпсіздігін қатайтуға бағытталған.

"Қазақстанда ұшу қауіпсіздігінің Ұлттық бағдарламасын әзірлеу басталған. Бұдан өзге, ИКАО сарапшылары екі бөлек заң жасауды ұсынады - әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі туралы, олар бойынша тұжырымдамалар әзірлеу басталды", - деп қортындылады Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны