11.08.2011, 16:15 4203

Қазақстанда пойыздың жолсерігі жолаушыны зорлаған

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Алматы-Защита" пойызының жолаушысы жолсеріктің зорлағандығы туралы арыз берген.

Астана. 11-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда пойыздың жолсерігі жолаушыны зорлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Алматы-Защита" пойызының жолаушысы жолсеріктің зорлағандығы туралы арыз берген.

"Ағымдағы жылдың 10 тамызында Защита стансасының көліктегі полиция қызметкерлеріне Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны арызданды. 31 жастағы қыз 9 тамыз күні "Алматы-Защита" жолаушылары пойызының жолсерігі күш қолданып, өзінің қызметтік купесінде бірнеше мәрте жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегендігін айтты", - делінген хабарламада.

Қыздың мәлім етуінше жолсерік "Сарыөзек-Шар" аралығында зорлаған. Шұғыл әрекет жасаған желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын - пойыз жолсерігін ұстады. Сараптама тағайындалды. Егер оның кінәсі анықталатын болса, заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны