02.07.2013, 14:05 4682

Қазақстанда "Протон-М" зымыран-тасығышының құлау фактісі бойынша үкіметтік комиссия құрылды

Бүгін Үкімет үйінде өткен шұғыл кеңесте ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов "Протон-М" зымыран-тасығышының құлауы салдарынан "Байқоңыр" ғарыш айлағы аумағына жапсарлас аудандардың экологиялық ахуалына әсерін зерттеу үшін ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаровтың жетекшілігімен үкіметтік комиссия құруды тапсырды.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Протон-М" зымыран-тасығышының құлау фактісі бойынша үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет үйінде өткен шұғыл кеңесте ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов "Протон-М" зымыран-тасығышының құлауы салдарынан "Байқоңыр" ғарыш айлағы аумағына жапсарлас аудандардың экологиялық ахуалына әсерін зерттеу үшін ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаровтың жетекшілігімен үкіметтік комиссия құруды тапсырды.

Кеңесте ҚР төтенше жағдайлар министрі В.Божко мен Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев сөйледі.

"Бүгін 8.30 сағатта "Глонасс-М" үш навигациялық ғарыш аппаратты бар "Протон-М" зымыран-тасығышы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан көтерілді. Ұшырылымнан кейін 10 секундтан соң зымыран-тасығыш ұшу алаңынан екі-үш шақырым қашықтықта жерге құлады. Алдын ала мәліметке қарағанда, апат бірінші сатыдағы қозғалтқыштың істен шығуынан болған", - деп хабарлады ТЖМ басшысы.

"Қазір ғарыш айлағы аумағына экологиялық жағдайды бақылауды күшейту шараларын жасап жатқан, үш ресейлік химиялық қорғау бекеттері орналасты. Біздің жағымыздан барлық мүдделі мемлекеттік органдар тартылып отыр", - деді В.Божко.

"Апаттың салдарынан зымыран отыны толтырылған бактар мен оттегі қоры бір мезгілде жарылды. Сарапшылардың бағалауынша, оттегі, гиптил және амилдың бір сәтте жарылуы олардың толық жанып кетуіне әкеліп, нәтижесінде оксид азот түзіледі, бұл гиптил мен амил сияқты тұрғындардың өміріне аса қауіп төндірмейді. Қазғарыш қызметтері экологиялық жағдайларға тұрақты мониторинг жүргізіп, әлсін-әлсін жер мен ауадан зерттемелер алып отыр", - деп хабарлады Т.Мұсабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны