02.09.2009, 09:40 2970

Қазақстанда Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелері бекітілді

Қазақстанда Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелері бекітілді

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан президентінің жарлығы күшіне енді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының президенті жарлығына берілген түсінікке сәйкес, Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Онда Республикалық бюджет жобасын әзірлеудің кезеңдері, мерзімдері және іс-шаралары осы ережелерде белгіленген.

Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процессі мынадай кезеңдерді: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын; орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясында қарауды; республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеуді қамтиды. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемдері және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары айқындалатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы, бюджетті жоспарлаудың базалық негізі болады.

Осылайша, жарлықты қабылдау республикалық бюджетті Кодекстің нормаларына сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді, делінген президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің түсініктемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны