21.07.2014, 20:26 4048

Қазақстанда санавиация 840 науқасты тасымалдады

2014 жылдың І жарты жылдығында Республикалық санитарлық авиация орталығының дәрігерлер бригадасы 880 мәрте шақырту алып, 1150 медициналық және 230-дан аса консультативтік қызмет көрсетті.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылдың І жарты жылдығында Республикалық санитарлық авиация орталығының дәрігерлер бригадасы 880 мәрте шақырту алып, 1150 медициналық және 230-дан аса консультативтік қызмет көрсетті. Осы кезеңде барлығы 840 науқас тасымалданып, 74 адамға операция жасалды, деп ҚР денсаулық сақтау миинстрлігінен хабарлады.

Барлық ұшырылымдардың 33,8% Астанадан, 7,2% Алматыдан, 59% өңірлерде жасалған.

Санитарлық авиацияның дәрігерлер бригадасы акушерлік және гинекологиялық, нәрестелер және балалар патологиясы, қан айналымы жүйесі, хирургиялық, терапевтік аурулар, жарақаттанушылық, күйіп қалу және улану, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен жағдайларда медициналық көмек көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық санитарлық авиация орталығы арқылы Сингапур, Ұлан-Батор (Моңғолия), Дубай (БАИ) клиникаларында ауыр жағдайда жатқан қазақстандықтар Астана мен Алматының емдеу мекемелеріне жеткізілген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны