09.08.2018, 19:06 4078

Қазақстанда сапасыз қызмет көрсеткен адвокат жауапкершілікке тартылатын болады

Елімізде 2018 жылдыӊ 22 шілдеcінен бастап, "Адвокаттық қызмет және заӊ көмегі туралы" жаӊа Заӊ жұмыс істей бастады. Мемлекет басшысы мақұлдаған Заӊныӊ мақсаты - адвокаттық қызметті және заӊ көмегін көрсетуді кешенді түрде жетелдіру

Түркістан. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Елімізде 2018 жылдыӊ 22 шілдеcінен бастап, "Адвокаттық қызмет және заӊ көмегі туралы" жаӊа Заӊ жұмыс істей бастады. Мемлекет басшысы мақұлдаған Заӊныӊ мақсаты - адвокаттық қызметті және заӊ көмегін көрсетуді кешенді түрде жетелдіру. Бұл туралы Түркістан облысы Иділет департаменті басшысыныӊ орынбасары Мейіржан Исабеков Өӊірлік коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Оныӊ сөзінше, заӊ көмегін көрсететін адвокаттар, заӊ кеӊесшілер, мемлекеттік органдардыӊ қызметтерін қамтитын Заӊ, енді "Адвокаттық қызмет туралы" және "Мемлекет кепілдік берген заӊ көмегі туралы" қос бірдей Заӊныӊ орнында қолданыста болады.

"Бүгінгі таӊда конституциялық құқықты толық заӊды жүзеге асыруды қамтамасыз ету кезінде бірнеше мәселелер туындауда. Мәселен, кей жағдайларда заӊ қызметкерлері азаматтарға жоғары сапада көмек көрсете алмай жатады. Сондай-ақ, мамандардыӊ білімі тез ескіріп, нәтижесінде жүйелі түрде біліктілігін арттыру қажеттілігі туындайды. Адвокаттардыӊ жетіспей жатуы да үлкен мәселеге айналуда. Міне, жаӊадан қабылданған Заӊ осы кемшіліктерді жоюға бағытталған. Заӊды жүйелі түрде насихаттау үшін нақты шаралар жоспары бекітілген. Атап айтқанда, аталған саладағы стандарттар мен сапа өлшемдері, кәсіби қағидалар және ережелер белгіленеді. Сапасыз заӊ көмегі көрсетілген жағдайда субъектілерді жауапкершілікке тарту механизмі жетілдірілді. Халықтыӊ әлеуметтік осал топтары үшін кешенді әлеуметтік заӊ көмегін көрсету институты енгізілді", - деді Мейіржан Нұржанұлы.

Одан бөлек, жаӊа Заӊ аясында халықты ақпараттандыру мақсатында заӊ көмегініӊ орташа құны анықтау қарастырылады. 2020 жылдан бастап сапасыз заӊ көмегі көрсетілген жағдайда азаматтардыӊ шығыстарын сақтандыру арқылы өтеу жоспарлануда. Сондай-ақ, Адвокаттар алқасына кіру үшін кіру жарналарын төлеуді алып тастау арқылы мүліктік кедергіні жою қамтамасыз етілді. Адвокаттардыӊ аттестациялау және кәсіби біліктілігін арттыру механизмі қайта қарастырылған. Сонымен қатар, адвокаттар алқаларыныӊ басқару органдарында болу мерзімдеріне шектеулер бекітілді. 2019 жылдан бастап адвокаттық ордерді алып тастау көзделген.

Айта кетейік, мамандардыӊ сөзінше аталған Заӊ әлемніӊ дамыған елдеріндегі құқық қорғау саласыныӊ тәжірибесіне сүйеніп жасалған.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны